Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 5 шілдедегі № 109-VIII ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
«4. Референдум өткiзу кезiнде аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың атынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан аккредиттелген байқаушылар, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдарды аккредиттеу тәртібі, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Референдум комиссияларының жұмысына араласуға жол берілмейді.
5. Бұқаралық ақпарат құралдары референдумға дайындық пен оны өткiзу барысын жария етiп отырады, олардың өкiлдерiнiң референдум өткiзуге байланысты іс-шараларға баруына кепiлдiк берiледi.
Сайлау учаскелерінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің болуы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес реттеледі.»;
2) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
Республикалық референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес оған дайындық пен өткізу кезеңінде жүргізілуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Референдумға дайындық пен оны өткізу кезеңінде референдум комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу бөлігінде олардың қызмет жағдайларын қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес айқындалады.»;
«3. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер қазақ және орыс тілдерінде басып шығарылады.»;
«5. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер учаскелік референдум комиссияларына дауыс беруге дейін ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күн бұрын учаскедегі сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы резервімен жеткізіледі.»;
Полная версия
ИС BestProfi