Микроқаржылық қызмет туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 19.06.2024 № 97-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.05.2027 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 30.06.2025 жылғы № 205-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 02.07.2026 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.05.2026, 01.07.2026, 02.07.2026, 18.07.2026, 01.01.2027 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе өзгертілді ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңымен (04.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңымен (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 03.07.2020 жылғы № 359- VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы – сауда-саттық өткізу үшін қатысушыларға инфрақұрылымды қамтамасыз ететін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылатын интернет-ресурс;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.06.2024 жылғы № 97-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 20.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты – сервистік компания мен «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 1-тармағында аталған тұлға немесе осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасында жасалған банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 19.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) микрокредит – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға осы Заңда айқындалған мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;
5) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард;
6-тармақша алынып тасталды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (03.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-2) мінсіз іскерлік бедел – адамның, оның ішінде:
1-бап 6-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-2-тармақша өзгертілді ҚР 19.09.2025 № 219-VIII Заңымен (16.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңына сәйкес (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
аталған адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасау;
аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кәсіпқойлығы мен адалдығы;