Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2016
Ақша төлемi мен аударымы туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237 Заңы
Осы Заң күшін жойды 2016 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР 26.07.2016 жылғы № 11-VІ Заңына сәйкес
Редакция 01.01.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
1-бап өзгертілді ҚР 10.06.2014 жылғы № 206-V Заңымен (15.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Заң, пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыруға байланысты қатынастарды қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
2. Қазақстан Республикасы банктерiнiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және шетел банктерiнiң (қаржы институттарының) арасында жүзеге асырылатын халықаралық ақша төлемдерi мен аударымдарына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып, олардың арасындағы шарттармен және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерiмен реттеледi. Егер халықаралық ақша төлемдері мен аударымдары бойынша әрекеттерге Қазақстан Республикасының аумағында бастамашылық жасалса, онда мұндай қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде аталған шарттармен және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерімен реттеледi.
2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастардың туындау негiздерi
азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша төлем жасау шарттарына сәйкес ақша төлемi мен (немесе) аударымын;
банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрi - банктер) клиентiнiң тапсырмасы бойынша, мұндай тапсырмалар азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша төлем шарттарын орындаумен байланысты болмаса, ақша аударымын;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiлетiн мiндеттi ақша төлемiн және (немесе) аударымын жүзеге асырған кезде туындайды.
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақша аударымы - алушы банктердің төлемді жүзеге асыруға немесе өзге мақсаттарға байланысты жөнелтушілердің ақша беру туралы нұсқауларын дәйектілікпен орындауы;
2) ақша аударымының бастамашысы (бұдан әрі - бастамашы) - ақша аудару туралы нұсқауды орындауға алғаш ұсынған тұлға;
3) ақша жөнелтуші - ақша төлемі және (немесе) аударымы соның есебінен жүзеге асырылатын тұлға;
4) ақша төлеміне және (немесе) аударымына қатысушылар - ақша төлемі және (немесе) аударымы жөнінде құқықтары және (немесе) міндеттері бар жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
5) алушы банк - ақша аудару не ақша төлеу туралы нұсқау жіберілетін банк;
6) банк шотын тікелей дебеттеу - ақша жөнелтушіден ақшаны алып қою және ақша жөнелтушінің осы алып қою туралы белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және (немесе) белгілі бір ақша сомасының шегінде қолданылатын алдын ала рұқсатының негізінде оны бенефициардың пайдасына беру жүргізілетін төлемді жүзеге асыру тәсілі;
7) бенефициар - ақша аударған кезде, сондай-ақ ақша аудармай-ақ жүзеге асырылатын қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде тапсырмада не талапта ақша алушы ретінде көрсетілген тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi