Осы Заң сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ олармен байланысты қатынастарды реттейді.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) аккредиттеу аттестаты - аккредиттеу жөніндегі орган беретін, аккредиттеу субъектілерінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін куәландыратын құжат;
2-1) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу – аккредиттеу субъектісі өзі сәйкестігіне аккредиттелген аккредиттеу критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған себептер жойылғанға дейін аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы аккредиттеу жөніндегі органның шешімі;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы №31-V Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3) аккредиттеу белгісі - аккредиттеу жөніндегі органның аккредиттеу субъектісіне оның аккредиттеу рәсімінен өткені туралы үшінші тұлғаларға ақпарат беру үшін берілетін белгі;
3-1) Аккредиттеу жөніндегі кеңес – аккредиттеу жүйесін стратегиялық дамыту, аккредиттеу саласында ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) аккредиттеу жөніндегі орган – аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарға мүше болып табылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
4-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы №34-V Заңымен (13.10.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1) аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар – аккредиттеу жөніндегі орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.03.2016 жылғы № 479-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2016 жылы № 60 (28788) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) аккредиттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы жұмысты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
11-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы №31-V Заңымен (13.10.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
11-тармақша алынып тасталды ҚР 29.03.2016 жылғы № 479-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2016 жылы № 60 (28788) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды