Близость слов: Окончание:





Нотариат туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155-I Заңы
Құжат мәтініндегі "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - VI" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 6" деген цифрлармен ауыстырылды ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (11.06.2003 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі "лицензиясы кері қайтарылып алынғандықтан", "лицензияны кері қайтарып алу", "Нотариус лицензиясын кері қайтарып алу", "нотариус лицензиясы кері қайтарылып алынады", "Лицензия кері қайтарылып алынған", "кері қайтарып алу", "нотариустардың лицензияларын кері қайтарып алу" деген сөздер "лицензиясынан айырылғандықтан", "лицензиясынан айыру", "Нотариусты лицензиясынан айыру", "нотариус лицензиясынан айырылады", "Лицензиясынан айырылған", "одан айыру", "нотариустарды лицензияларынан айыру" деген сөздермен ауыстырылды ҚР 12.01.2007 жылғы № 222 Заңымен (22.06.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі  «ауылдардың (селолардың)», «ауылдық (селолық)» «ауылдың (селоның)», «ауылдар (селолар)» сөздері «ауылдардың», «ауылдық», «ауылдың», «ауылдар» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2013  жылғы № 121-V Заңымен (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1 бөлiм
Нотариат қызметiнiң ұйымдық және құқықтық негiздерi
1-бап. Қазақстан Республикасындағы нотариат
1-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (11.06.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт.
1-тармақ өзгертілді ҚР 26.12.2011 жылғы № 516-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен шектерде нотариаттық iс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:
1) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттiк нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар);
2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары;
3) Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;
3-1) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4) осы Заңмен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi өзге де адамдар.
Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдарынан тұрады.
2-1-бап. Нотариаттың негізгі мақсаты мен міндеті
1-тарау 2-1-баппен толықтырылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нотариаттық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу нотариаттың мақсаты болып табылады.
2. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау арқылы жеке және заңды тұлғаларды білікті заң көмегімен қамтамасыз ету нотариаттың міндеті болып табылады.
3-бап. Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi
1. Нотариаттық қызмет – бұл нотариустың осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы.
1-тармақ өзгертілді ҚР 26.12.2011 жылғы № 516-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда белгіленген жағдайларда және шектерде жекелеген нотариаттық iс-әрекеттерді арнайы уәкілетті лауазымды адамдар жасай алады.
Полная версия
ИС BestProfi