Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 533 Жарлығы
Редакция 29.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
(үзінді)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 27 наурыздағы
№ 533 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 156-құжат; 2000 ж., № 17, 168-құжат; 2003 ж., № 45, 486-құжат; 2007 ж., № 14, 160-құжат; 2011 ж., № 30, 366-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.».
2. «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат; 2004 ж., № 22, 276-құжат; 2005 ж., № 19, 227-құжат; 2006 ж., № 1, 2-құжат; 2008 ж., № 4, 44-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2010 ж., № 9, 105-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; № 55, 738-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (18.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат; 2002 ж., № 44, 436-құжат; 2003 ж., № 45, 487-құжат; 2004 ж., № 21, 266-құжат; № 51, 671-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 52, 712-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына:
Полная версия
ИС BestProfi