Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.
Бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461-II Заңы
Құжат мәтініндегі "брокерлiк-дилерлік", "Брокерлiк-дилерлiк" сөздері "брокерлiк және дилерлiк", "Брокерлiк және дилерлiк" сөздерімен; "брокер-дилер", "Брокер-дилер", "брокер-дилердiң", "Брокер-дилердiң" сөздері "брокер және (немесе) дилер", "Брокер және (немесе) дилер", "брокердiң және (немесе) дилердiң", "Брокердiң және (немесе) дилердiң" сөздерімен ауыстырылды ҚР 08.07.2005 жылғы № 72 Заңымен (21.04.2005 ж. редакцияны қараңыз) Құжат мәтініндегі «өзін-өзі реттейтін», «Өзін-өзі реттейтін» сөздері «кәсіптік», «Кәсіптік» сөздерімен ауыстырылды ҚР 12.11.2015 жылғы № 391-V Заңы бойынша (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2015 жылы № 219 (28697) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Құжат мәтініндегі «аффилиирленген» деген сөз «үлестес» деген сөзбен ауыстырылды ҚР 12.07.2022 жылғы № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 20.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 07.07.2004 жылғы № 577 Заңымен (02.07.2003 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (07.07.2004 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 72 Заңымен (21.04.2005 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 05.06.2006 жылғы № 146 Заңымен (20.02.2006 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 05.07.2008 жылғы № 66-IV Заңымен (21.07.2007 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 23.10.2008 жылғы № 72-IV Заңымен (05.07.2008 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 20.11.2008 жылғы № 88-IV Заңымен (23.03.2008 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 10.12.20008 жылғы № 101-IV Заңымен (04.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 12.02.2009 жылғы № 133-IV Заңымен (10.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 13.02.2009 жылғы № 135-IV Заңымен (12.02.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агенттік облигация – эмитенті қаржы агенттігі немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға болып табылатын облигация;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 168-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) айырбасталатын бағалы қағаз – акционерлiк қоғамның шығару проспектiсiнде айқындалатын шарттармен және тәртiппен оның басқа түрдегi бағалы қағазына алмастыруға жататын бағалы қағазы;
3) андеррайтер – брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
3-1) ашық сауда-саттық әдісі – сауда-саттыққа қатысушының өзі өтініш берген және сауда-саттыққа ықтимал шектеусіз қатысушылар саны арасында болжалды бәсеке болатын сауда-саттық әдісі;
1-бап 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
3-2) әлеуметтік облигациялар – орналастырудан түскен қаражаты әлеуметтік проблемаларды шешуге және (немесе) оң әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған жаңа және (немесе) қолданыстағы жобаларды ішінара немесе толық қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталатын облигациялар;
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) бағалы қағаз – мүлiктiк құқықтарды куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы;
5) бағалы қағаздарды номиналды ұстау – номиналды ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар атынан және есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелерді тiркеу;
6) бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу – ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр уақыт кезiнде бағалы қағаз бойынша сұраныстың және (немесе) ұсыныстың жарияланған бағасы;
7) бағалы қағаздардың бастапқы рыногы – эмитенттiң бағалы қағаздардың қайталама рыногында өзi бұрын сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрi орналастыруын қоспағанда, эмитенттiң (андеррайтердiң немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;
7-1) бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі – қор биржасының материалдық-техникалық құралдары мен ішкі құжаттарының кешені, оларды пайдалана отырып оның пайдаланушылары арасында белгіленімдермен алмасуға қолдау көрсетіледі және мәмілелер жасасу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) бағалы қағаздардың қайталама рыногы – орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар;
8-1) бағалы қағаздарды шығару шарттары – эмитент, сатылымға болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемi, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, олардың шығарылу, орналастырылу, айналыста болу, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсiмi мен тәртiбi туралы мәлiметтерді және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешiмiне ықпал етуi мүмкiн басқа да ақпаратты қамтитын құжат (бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі, жеке меморандум, айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигациялардың шығарылымы туралы мәліметтер, шығарылым талаптарын айқындайтын өзге құжат);
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесi – белгiлi бiр уақыт кезiнде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқық ұстаушыларды сәйкестендiрудi, бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететін эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және оларды ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналымға немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
9-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-1) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы – өз қызметін бағалы қағаздар нарығында лицензия негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы;
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия