«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 наурызда № 8381 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 29.12.2015 жылғы № 10 Бұйрығына сәйкес
Редакция 22.01.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берілген Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. Тізімге сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық оны бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі бірақ, 2013 жылғы 26 наурыздан ерте емес.
Төраға А. Байменов
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілер (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер) мен «А» және «Б» корпустарының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) білімдерін және қабылеттерін әділ бағалау мақсатында оларды тестілеуден өткізудің тәртібін бекітеді.
2. Тестілеу мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшісі болып табылатын тестілеу әкімшісімен (бұдан әрі - әкімші) өткізіледі.
3. Тестілеудi өткiзудің әділдiгi жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің, тестердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ әкімшілердің сыбайлас жемқорлықты жiбермеу әрекеттерi туралы жазбаша шектеулердiқабылдауымен қамтамасыз етiледi.
4. Тестілеу рәсімдерін, тест тапсырмаларының деректер базасын қалыптастыруды және оларды жаңартуды техникалық қамтамасыз ету Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығымен
(бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырылады.
5. Тестілеу кезінде мемлекеттік қызметші немесе үміткер әкімшіге жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
2. Аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тестілеу өткізудің тәртібі
6. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тестілеуге жіберілетін мемлекеттік қызметшілердің тізімін даярлайды.
Тізім келесі мәліметтерді қамтиды: тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқарып отырған мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты, ЖСН. Жеке мәліметтер ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады.
Полная версия