"Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 17.06.2015
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1325 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 449 Қаулысына сәйкес «Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 30.12.2014 жылғы № 598 Бұйрығын қараңыз
Редакция 26.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 157-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы алып тасталсын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 538-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 792 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 335-құжат).
4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі к. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен бекітілген
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.04.2013 жылғы № 402 Қаулысымен (31.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы
К У Ә Л І К
______________________________________________
(салық қызметі органының атауы)
Салық төлеушінің атауы ________________________________________
Тегі __________________________________________________________
Аты ___________________________________________________________
Әкесінің аты __________________________________________________
ЖСН/(БСН) _____________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________
Орналасқан жері _______________________________________________
Тіркелген күні ________________________________________________
Құрылған күні _________________________________________________
№ _______ Сериясы _____
Полная версия