Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.10.2024
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.10.2024 жылғы № 826 Қаулысына сәйкес 
Редакция 20.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 5) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.11.2023 жылғы № 1005 Қаулысына сәйкес (02.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 20 сәуірдегі
№ 429 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.09.2021 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес (01.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы алқалы орган болып табылады.
2. ЖҒТК-ны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - төраға) басқарады, оның ғылым саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы тұлғасындағы орынбасары болады.
ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды.
3. ЖҒТК құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, жетекші ғалымдар, білімнің әртүрлі салаларының сарапшылары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жұмыс органы ЖҒТК-ның болып табылады.
4. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңын , Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады.
2-тарау. Негізгі міндеттер
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.09.2021 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес (01.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi