Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.09.2014
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 Қаулысы
1-тармақты қоспағанда, осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1003 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабына және «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 84 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 08.10.2012 № 1269 Қаулысымен. (07.02.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті оның функциялары, өкілеттіктері мен мүлкі Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) беріле отырып, таратылсын.
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 99 Қаулысымен; (08.10.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 99 Қаулысымен; (08.10.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 99 Қаулысымен. (08.10.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Агенттік пен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2011 жылғы 1 тамыздағы
 № 888 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы ереже
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 99 Қаулысымен. (08.10.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) діни қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөр мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Агенттіктің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Полная версия
ИС BestProfi