4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 225-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1265 Қаулысы. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақтан басқасы күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.08.2012 № 1017 (20.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 02.08.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1.Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.06.20 N 679 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.06.20 N 679 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) заңнамада белгіленген тәртіппен: екі апта мерзімде Индустрия және жаңа технологиялар, Экономикалық даму және сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының және заңды тұлғалардың салалық емес бірлестіктері (бизнес-қауымдастықтар) өкілдерінің қатысуымен Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрсын; «Экспорт 2020» экспортты дамыту және жылжыту бағдарламасын іске асыру кезінде экспорттаушылардың шығындарын өтеу бөлігінде оператордың әкімшілік шығыстарын көрсетілген Бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен бөлінген соманың 1 (бір) пайызынан аспайтын мөлшерде өтеуді көздесін. |
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мынадай мазмұндағы 22-1-жолмен толықтырылсын:
«
22-1 | Мыналарды: Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің қағидалары мен шарттарын, экспорттау кезінде экспорттаушылардың шығындары өтелетін отандық өнім түрлерінің тізбесін әзірлеу. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИЖТМ | 2010 жылғы қазан |
».
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов |
Полная версия