Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.05.2014
"Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 560 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 17.06.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 22.05.2014 жылғы № 533 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 4-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға  тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (20.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 мамырдағы
№ 560 қаулысымен
бекітілген
«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2013 жылғы № 157 Қаулысымен (23.05.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша және мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда www.е.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді. 
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 
3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 146-бабы, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы, «Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімін ратификациялау туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы және «Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 546 бұйрығы негізінде көрсетіледі. 
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мына: www.mz.gov.kz интернет-ресурсында; 
2) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес аумақтық бөлімшелердің үй-жайларында орналасқан стенділерде; 
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ саll–орталықтың: (1414) телефоны бойынша берілуі мүмкін. 
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі уәкілетті органның ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беруі не уәкілетті органның ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы немесе қағаз тасымалдағыштағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады. 
Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қағаз тасымалдағышта жүгінген жағдайда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және уәкілетті орган басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады. 
Полная версия
ИС BestProfi