«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 252 Қаулысы
Редакция 31.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті болып қайта аталсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің қарамағына берілсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 252 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» мемлекеттік мекемесі.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 252 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 07.06.2012 № 753 Қаулысымен (19.03.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (28.02.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті».
4. «Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
14-тармақта сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші, тоқсан алтыншы, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші және бір жүзінші абзацтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 7 және 37-жолдар алынып тасталсын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1003 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
6. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 53-құжат):
тақырыбындағы және 1-тармағындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын.
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 07.02.2012 № 209 Қаулысымен (19.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
8. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 195 қаулысымен (20.12.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (23.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
10. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.12.2012 № 1641 қаулысымен (07.06.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
11. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1193 Қаулысымен (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
12. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 610 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 316-құжат):
тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың тізбесінде:
тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
«Театрлар» бөлімінің реттік нөмірі 7-жолында «Республикалық» деген сөз «Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Тарихи-мәдени қорықтар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-2-жолмен толықтырылсын:
«30-2. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».
13. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 19.03.2012 № 340 Қаулысымен (07.02.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Полная версия