«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 15.04.2015
Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 209 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.04.2015 жылғы № 238 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Дінтану сараптамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 70 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 2, 30-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 252 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 198-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 209 қаулысымен бекітілген
Дiнтану сараптамасын жүргiзу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Дiнтану сараптамасын жүргiзу қағидалары «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және дiнтану сараптамасын жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Дiнтану сараптамасы (бұдан әрi – сараптама) құрылтай құжаттардың, сондай-ақ діни мазмұндағы басқа да құжаттардың, діни білім беру бағдарламаларының, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн анықтау мақсатында жүргізіледі.
3. Сараптама жүргізуді діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган) қамтамасыз етеді.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1109 Қаулысымен (07.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Сараптаманың міндеттері
4. Сараптама міндеттері:
1) діни бірлестік ұсынған құрылтай құжаттары, діни ілім мен діни жоралар туралы мәліметтер негізінде объект мазмұнының нақты діни ілімге тиесілігін анықтау, объект мазмұнын бағалау;
2) діни бірлестік мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) кезінде оның нақты қызметінің сәйкестігін тексеру;
3) сараптама объектісі мазмұнының Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңнамасының нормаларына сәйкестігін анықтау болып табылады.
Сараптама жүргізу кезінде діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) және олардың қызметін бақылауды жүзеге асыру кезінде туындайтын және сараптамалық бағалауды талап ететін басқа да мәселелер қаралуы мүмкін.
3. Сараптама объектісі
5. Сараптама объектілеріне:
1) діни бірлестіктердің құрылтай құжаттары;
2) діни мазмұндағы құжаттар (діни бірлестіктердің құрылымын, діни ілімінің негіздерін, діни практикасын айқындайтын құжаттар, сондай-ақ діни қызметтің нысандары мен әдістерін сипаттайтын құжаттар);
3) діни білім беру бағдарламалары;
4) діни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен әдебиет;
5) діни мақсаттағы заттар жатады.
4. Сараптама субъектісі
6. Сараптаманың субъектілері:
1) іріктеуді Уәкілетті орган жүзеге асыратын басқа мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер өкілдерi, дiнтанушылар, заңгерлер және басқа да мамандар арасынан тартылатын сарапшылар;
2) Уәкілетті орган консультанттар ретінде тартқан діни бірлестіктердің өкілдері;
3) Уәкілетті орган басқа мемлекеттерден, шетелдiк және халықаралық ұйымдардан сарапшылар ретінде тартқан мамандар;
4) Уәкілетті орган бөлімшелерінің дін саласында арнайы білімі бар қызметкерлері болып табылады.
7. Уәкілетті орган сараптама жүргізу үшін кеңесші-талдау органдарын (сараптамалық кеңес, сараптамалық топтар) құра алады.
5. Сараптаманы жүргізу негіздері
8. Сараптама жүргізудің негіздері:
2) Қазақстан Республикасының кітапхана қорларына, сондай-ақ Уәкілетті органға діни әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың келіп түсуі;
3) жеке тұлғалардың миссионер ретінде тіркеу (қайта тіркеу) және діни бірлестіктерді тіркеу үшін өтініштері;
4) жеке өзі пайдалануға арналған материалдарды қоспағанда, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуі;
5) Уәкілетті орган басшысының бұйрығы болып табылады.
9. Уәкілетті орган сараптама жүргізуге материалдар келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) сараптамаға ұсынылған материалдың сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында қызметіне тыйым салынған діни бірлестікке (ұйымға) жататындығын не жатпайтындығын;
2) сараптамаға ұсынылған материалдың сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында еңбектеріне тыйым салынған авторға тиесілі екендігін не тиесілі еместігін;
3) сараптамаға ұсынылған материалдың (оның ішінде анонимдік) сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында таратылуына тыйым салынғандығын не салынбағандығын;
4) сараптамаға ұсынылған материалдың Қазақстан Республикасы таныған және ратификациялаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орындауы үшін міндетті болып табылатын халықаралық немесе мемлекетаралық актілермен қызметіне тыйым салынған діни бірлестікке (ұйымға) тиесілі екендігін не тиесілі еместігін;
5) сараптамаға ұсынылған материалдың авторы халықаралық-құқықтық актілерге сәйкес бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмысы үшін, оның ішінде экстремистік және террористік әрекеті үшін сотталған адам болып табылатындығы жөнінде мәліметтердің бар-жоғын;
6) ұсынылған материалды Қазақстан Республикасы таныған және ратификациялаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орындауы үшін міндетті болып табылатын халықаралық немесе мемлекетаралық актілермен таратуға тыйым салынғандығы туралы мәліметтердің бар-жоғын;
7) ұсынылған материалдың толық жинақталмаған (ақаулы, ішінара немесе толығымен зақымдалған болып табылатындығын не табылмайтындығын);
8) ұсынылған материалдың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі тең түпнұсқалы аудармасының болмауын тексереді.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлардың болуы сараптама жүргізуден бас тартуға негіз болып табылады, бұл туралы сұрау салып жүгінген тарапқа жазбаша хабарланады.
6. Cараптаманы жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары
10. Уәкілетті орган сараптама жүргізу туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ сараптама жүргізу үшін сарапшыны (сарапшыларды) белгілейді.
11. Сараптама жүргiзуді Уәкілетті орган бiр немесе бiрнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсыруы мүмкiн.
12. Сараптама объектісі бойынша әр түрлi мамандықтағы сарапшылар кешендi сараптама жүргiзуi мүмкiн.
13. Уәкiлеттi орган сарапшыға (сарапшыларға) сараптамаға жататын объектіні және сарапшыға (сарапшыларға) қойылған сұрақтар тізбесін жолдайды.
14. Сараптама Уәкілетті органға сараптама объектісі келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.
15. Сараптаманы жүргiзу үшiн сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпараттарды зерделеуі қажет болған жағдайда, сараптаманы жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн. Уәкілетті орган мұндай шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде сұрау салумен жүгінген тарапқа жазбаша хабарлайды.
16. Уәкiлеттi орган мүдделi дiни бiрлестiктерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктерге сұрау салулар жiберу арқылы сарапшыға (сарапшыларға) қосымша материалдар мен ақпараттар алуға жәрдем көрсетедi. Халықаралық ұйымдарға тиiстi сұрау салулар Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы жолданады.
17. Уәкілетті орган тұрақты ақпараттық қор қалыптастыру мақсатында сараптама объектісінің бір данасын өзінде қалдырады.
18. Сараптама жүргiзу барысында сарапшы (сарапшылар):
1) Уәкiлеттi орган қойған сұрақтар бойынша дәлелдi, ғылыми негізді, объективті және толық сараптама қорытындысын дайындайды;
2) сараптама жүргiзу үшiн ұсынылған сараптама объектісі, материалдар мен ақпараттар туралы мәлiметтердi жария етпейдi, сондай-ақ оларға жария баға беруден тартынады;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын және әдеп қағидаларын қатаң сақтайды.
19. Сараптама жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ оны жүргiзуге кедергi келтiретiн жағдайлар туындаған кезде, сарапшы (сарапшылар) бұл туралы Уәкiлеттi органға мұндай жағдайлар анықталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
20. Сараптама қорытындысында мыналар көрсетiледі:
1) сараптама жүргiзген ұйым немесе тұлға;
2) сарапшының құзыреттілігін (мамандығы, ғылыми дәрежесі) көрсететін деректер;
3) сараптама объектісінің діни бағыты;
4) сараптама объектісінің атауы (әдебиет авторы, баспа, шыққан жылы);
5) сараптама объектісінің саны (дана есебімен), көлемі (бет саны), тілі;
6) қойылған сұрақтардың негізделген және толық жауаптары.
Сараптама қорытындысында сараптама объектісі бойынша қосымша мәлiметтер көрсетілуі мүмкiн.
Сараптама қорытындысы сараптама объектісінің Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратылуға ұсынылатыны немесе ұсынылмайтыны көрсетілетін сарапшының тұжырымын қамтиды.
Егер дінтану сараптамасының объектісі діни бірлестіктердің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде ұсынған құрылтай құжаттары болып табылса, онда сараптама қорытындысында сарапшы құрылтай құжаттары деректерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетінін немесе сәйкес келмейтінін көрсетеді.
21. Сараптама қорытындысы сараптама жүргізген ұйымның фирмалық бланкiсiнде дайындалады. Сараптаманы жеке тұлға жүргізген жағдайда, қорытындыда сарапшының қолы қойылуы тиіс.
22. Дiни бiрлестiк ұсынған құжаттарға сараптама жүргізу кезінде діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзіміне үзіліс жасалады.
23. Миссионерлер ұсынған материалдарға сараптама жүргізу кезінде миссионерлерді тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады.
24. Қылмыстық, азаматтық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша сараптаманы тағайындау ерекшелiктерi тиiстi заңнамалық актiлермен реттеледi.
25. Сараптама қорытындылары ұсыныстық сипатқа ие болады.
26. Сараптама нәтижелері Уәкілетті органның ресми сайтында жариялануы тиіс.
7. Қорытынды ережелер
27. Сараптама қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеуге (қайта тіркеуге) қатысты тиiстi шешiм қабылдайды.
28. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы сараптама қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды миссионерлер ретінде тіркеуге (қайта тіркеуге) қатысты тиісті шешім қабылдайды.
28-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1109 Қаулысымен (07.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
29. Сараптаманы жүргiзудi қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына және мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Полная версия