Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2019
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 112 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 24 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4625 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 5 мамырдан бастап ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес
Редакция 17.12.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" және "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрық ресми бірінші жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірін беру 2007 жылдың 13 тамызынан бастап жүзеге асырылады.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Әділет министрінің 14.09.2010 № 265 Бұйрығымен (24.02.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Бұйрықтың 5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Әділет министрінің 13.10.2008 № 273; өзгертілді 14.09.2010 № 265 Бұйрықтарымен (28.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР Әділет министрінің 19.06.2013 жылғы № 223 бұйрығымен (27.02.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2007 жылғы 12 сәуірдегі
 N 112 Бұйрығымен
 бекітілген
Барлық мәтіндер бойынша "Тіркеу қызметі" деген сөздерден кейін "және құқықтық көмек көрсету" деген сөздермен толықтырылды, "электрондық деректер банкі", "бірыңғай электрондық деректер банкі", "электрондық деректер банкісін" сөздері "заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктердің электрондық тіркелімі" және "заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктердің электрондық тіркелімін" сөздерімен өзгертілді ҚР Әділет министрінің 28.08.2008 № 235, 13.10.2008 № 273 Бұйрықтарымен.
Нұсқаулық пен қосымшалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.02.2013 жылғы № 68 бұйрығымен (30.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 06.04.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулық
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарының (бұдан әрі - тіркеуші органдар) Қазақстан Республикасы аумағында құрылатын, қайта ұйымдастырылатын, қайта тіркелетін, таратылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, қайта тіркеу, есептік тіркеуден шығару жөніндегі қызметін нақтылайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 20.02.2015 жылғы № 101 Бұйрығымен (16.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.03.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттiк (есептік) тiркеу:
мемлекеттік (есептік) тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi;
бизнес-сәйкестендіру нөмiрiн (бұдан әрі - БСН) бере отырып, мемлекеттiк (есептік) тiркеу туралы анықтама беруді;
заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне (бұдан әрі - Ұлттық тізілім) енгiзудi қамтиды.
Тіркеу кезінде заңды тұлғаның құрылуының, филиал мен өкілдікті ашудың мақсатқа сай екендігі туралы мәселе назарға алынбайды, оның өндірістік-шаруашылық қызметін бақылауға алу және оған араласу мақсат етіп қойылмайды.
3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:
заңды тұлғаны құру, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркеу, қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердi құру, есептік қайта тіркеу, құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу және қызметiн тоқтату фактiсiн куәландыру;
Полная версия
ИС BestProfi