Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі 
N 112 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 24 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4625 болып енгізілді.
#$Қолданушылардың назарына! Нұсқаулыққа қосымшалардың жарамдылығы мен күшіне ену мерзімдерін бұйрықтың 4-5-тармақтарынан қараңыз
___________________________________________________
Осы редакция 13.10.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
" Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы " және " Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау үшін,   БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 
2. Осы бұйрық ресми бірінші жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірін беру 2007 жылдың 13 тамызынан бастап жүзеге асырылады. 
4. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі  нұсқаулыққа  2, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12-қосымшалар 2010 жылдың 13 тамызына дейін жарамды. 
5. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі  нұсқаулыққа  13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22-қосымшалар 2010 жылдың 13 тамызынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2007 жылғы 12 сәуірдегі
 N 112 Бұйрығымен
 бекітілген
Барлық мәтіндер бойынша "Тіркеу қызметі" деген сөздерден кейін»"және құқықтық көмек көрсету" деген сөздермен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 28.08.2008. № 235 Бұйрығымен.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және  
  филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі  
  нұсқаулық 
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Діни істер комитетінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарының (бұдан әрі - тіркеуші органдар) Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, құрылатын, қайта ұйымдастырылатын және таратылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, соның ішінде діни бірлестіктерді, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі қызметін реттейді.
2. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар  
  мен өкілдіктерді есептік тіркеудің ұғымы және мақсаты 
2. Мемлекеттiк тiркеу субъектiлерге заңды тұлға мәртебесiн беру тәсiлi болып табылады. Субъектілердің заңды тұлға құқығын иеленуінің ресми айғағы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне заңды тұлға туралы деректердi енгiзу және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) берілген мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгі болып табылады. 
Есептік тiркеу субъектілерге заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігі мәртебесiн беру тәсiлi болып табылады. Субъектілердің заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігі құқығын иеленуінің ресми айғағы филиалдар мен өкілдіктердің мемлекеттік тізіліміне заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) туралы деректердi енгiзу және БСН-і берілген есептік тiркеу туралы куәлiгі болып табылады. 
Тiркеу барысында заңды тұлғаны құрудың, филиалды немесе өкiлдiкті ашудың мақсатқа сай екендігі назарға алынбайды, оның өндiрiстiк-шаруашылық және қаржылық қызметiн бақылау және оған араласу көзделмейді.
3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу: 
заңды тұлғаны құру, қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктерді құру және қызметін тоқтату фактісін растау; 
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта ұйымдастырылған және өзінің қызметін тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған және өзінің қызметін тоқтатқан филиалдар мен өкілдіктерді есепке алу; 
Полная версия
ИС BestProfi