1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
Внимание! Документ утратил силу с 07.06.2012
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 853 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 07.06.2012 № 753 Қаулысымен (19.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Редакция 19.07.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражігін ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы " 2004 жылғы 20 желтоқсандағы және " Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы " 2005 жылғы 15 сәуiрдегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 27-1-жолмен толықтырылсын:
"27-1 Облыстық (республикалық турагенттік туроператорлық маңызы бар қаланың, қызметтi және туризм астананың) атқарушы нұсқаушысының қызметтерiн органдар жүзеге асыру";
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
күшін жойды 2) тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.06.2007. № 481 қаулысымен (19.08.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
күшін жойды 3)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.07.2007. № 610 қаулысымен (11.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Полная версия