Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 1306 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 626 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.12.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттейтін кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1345 Қаулысымен (24.12.2003 ж. редакцияны қараңыз) (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1345 Қаулысымен (24.12.2003 ж. редакцияны қараңыз) (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдеріне: 
14-тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: 
"2) қос сырғымалы доңғалақтары бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қатарласқан біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:
1,8 метрге тең немесе одан көп          18,0-ден аспауы тиіс; 
3) бір сырғымалы доңғалағы бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қатарласқан біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:
1,8 метрге тең немесе одан көп          17,5-ден аспауы тиіс; 
4) қос сырғымалы доңғалақтары бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің үш білікті біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:
1,8 метрге тең немесе одан көп          26,5-ден аспауы тиіс; 
5) бір сырғымалы доңғалағы бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің үш білікті біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:
1,8 метрге тең немесе одан көп          24,5-ден аспауы тиіс". 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия
ИС BestProfi