Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 362 Қаулысы
"Мемлекеттік кәсіпорын туралы " Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес, байланыс саласындағы және ақпараттандыру, ақпарат салаларындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.11.2010 № 1267 Қаулысымен (18.05.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2011 бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
1) радиожиілік спектрі және радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін, радиоэлектрондық құралдар мен радиожиіліктер тағайындаудың тізілімін (деректер базасын) сүйемелдеу, сондай-ақ және азаматтық мақсаттағы жоғары жиілік құрылғыларды радиоэлектрондық құралдардың электрмагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу жөнінде қызметтер көрсетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарының және жоғары жиілік құрылғыларының электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымында біріктірілген ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді техникалық сүйемелдеуге қатысу;
3) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мәселелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету болып белгіленсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.06.2009 № 986, 29 (17.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(01.07.2009 бастап қолданысқа енгізіледі).11.2010 № 1267 Қаулыларымен.(01.01.2011 бастап қолданысқа енгізіледі)
3. "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулысында:
"2) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарының және жоғары жиілік құрылғыларының электрмагниттік үйлесімділігіне есептеу жүргізу жөнінде қызметтер көрсету;".