Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2017
Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.11.2012 жылғы № 1478 Қаулысымен (18.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 5 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 23.12.2016 жылғы № 846 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.04.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесі бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.11.2012 жылғы № 1478 Қаулысымен (18.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы № 231 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 10, 122-құжат); 
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 982 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 414-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 наурыздағы
№ 218 қаулысымен
бекітілген
Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесі
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.11.2012 жылғы № 1478 Қаулысымен (18.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес әзірленді және салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау тәртібін айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.11.2012 жылғы № 1478 Қаулысымен (18.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
2. Салалық бағдарлама — салалық мәні бар маңызды міндеттерді шешуге бағытталған өзара байланысты ұйымдық, норма шығару, экономикалық, әлеуметтік, қаржылық және басқа да шаралар кешенін айқындайтын құжат.
3. Орталық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) салааралық және ведомствоаралық сипаттағы маңызды міндеттерді шешу мақсатында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын іске асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған салалық бағдарламаларды әзірлейді.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2014 жылғы № 1100 Қаулысымен (05.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4. Салалық бағдарламалар, егер оларда жазылған проблемаларды қолданыстағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының шеңберінде шешуді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда ғана әзірленеді.
5. Салалық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Іске асыру мерзімі бойынша салалық бағдарламалар:
орта мерзімді (бір жылдан 5 жылға дейін);
ұзақ мерзімді (5 жылдан астам) болып бөлінеді.
Полная версия
ИС BestProfi