Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 84 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкiметiнiң 21.11.2012 № 1474 Қаулысымен (31.05.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.05.2012 № 720 (01.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.05.2012 № 720 (01.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1) "Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 маусымдағы N 635 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 24, 307-құжат) 1-тармағы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 341-құжат) 17-тармағы.
Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Ереже алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.05.2012 № 720 Қаулысымен (01.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Біліктілік талаптары жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.05.2012 № 720 (01.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі қызметтің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;
3) көрсетілген қызмет түріне зерттеу, әзірлеу мен өндіру мәселелері бойынша нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығы түріндегі ғылыми база;
8) күзет қызметіне арналған лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
9) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты.
2. Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын өндіру жөніндегі қызметтің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;
3) қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруын және оның патрондарын өндіру мәселелері бойынша нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттардың жиынтығы түріндегі ғылыми база;
9) күзет қызметіне арналған лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
10) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты.
3. Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын жөндеу жөніндегі қызметтің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;
8) күзет қызметіне лицензияның немесе өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
9) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты.
4. Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын сатып алу жөніндегі қызметтің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;
6) күзет қызметіне арналған лицензия немесе арнайы жабдықталған қойманы оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
7) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты.