Шаруашылық жүргізу объектілеріндегі және тұрғын үйлердегі өрттердің алдын-алу, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын, олардың мүлкін қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының
Внимание! Документ утратил силу с 16.01.2012
Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы N 35 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4126
Бұйрық күшін жойды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.01.2012 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес Қараңыз: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 Қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидалары
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Заңын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 9 шілдедегі N 19»"Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы. Негізгі талаптар. 08-97 КР ӨҚЕ" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде N 866 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 1999 жылғы 11-12 нөмірлерінде жарияланды) қаулысының;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 19 қарашадағы N 214 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 19 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде N 1273 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 2001 жылғы 5 нөмірінің 319 бетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Н.Қ.Бижановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жариялануынан он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 8 ақпандағы 2006 жылғы N 35 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесі
1-бөлім. Жалпы ереже 1-тарау. Жалпы талаптар
1. Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесі (бұдан әрі - Ереже) азаматтардың өмірі мен денсаулығын, жеке, заңды тұлғалардың мүлкін, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік мүлікті қорғау, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан, жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың оларды қолдануы және орындауы үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын анықтайды.
2. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына жүктеледі. Ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары атқаратын лауазымы бойынша немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық және басқа да актілер күшінде орындалатын жұмыстың сипатына қарай тиісті өрт қауіпсіздігі ережелерін орындайтын және белгілі жұмыс учаскелерінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін тұлғаларды тағайындайды.
3. Ұйымның барлық жұмысшылары тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі, ал жұмыс сипаты өзгерген жағдайда ұйым басшылары бекіткен тәртіппен ықтимал өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді.
4. Ұйым жұмысшыларын объектілердегі өрттердің алдын алу және олармен күресу бойынша жұмысқа жұмылдыру үшін өрт-техникалық комиссиясы мен ерікті өртке қарсы құрамалары құрылады.
5. Мүлік иелері, мүлікке иелік етуге, пайдалануға және билік етуге уәкілетті тұлғалар, оның ішінде ұйымның басшылары мен лауазымды тұлғалары, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған жауапты лауазымды тұлғалар:
1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, сондай-ақ өртке қарсы қызметі органдарының ұйғарымдамалары мен басқа да заң талаптарын орындауы;
2) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруы;
Полная версия

