«Өрт қayiпciздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 5-бабын icкe асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 09.10.2014
Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2014 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1077 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысымен бекітілген
Өрт қауіпсіздігі қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
Ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) халықтың өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қолдануына және орындауына арналған.
2. Осы Қағидалардың ережелерімен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 қаулысымен бекітілген «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттер ) басшылыққа алынуы тиіс.
3. Осы Қағидалар азаматтық авиация объектілері үшін, ормандарда және энергетикалық (энергия шығаратын және энергия беретін) объектілерде қолданылмайды, олар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
4. Жұмыскерлер тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмыс істеуге жіберіледі, ал жұмыстың ерекшелігі өзгергенде ықтимал өрттердің алдын алу және оларды сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді. Өртке қарсы нұсқаулықтан өтетін мамандықтар (лауазымдар) тізбесін, тәртібі мен мерзімдерін, өрт-техникалық минимум бойынша өртке қарсы нұсқаулық пен сабақтарды өтудің тақырыптық және оқу жоспарларын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейді.
5. Өрттен қорғау жүйелері мен құралдарын өшірумен байланысты жұмыстарды жоспарлаған жағдайда, сондай-ақ ұйымның теңгеріміндегі немесе оның аумағындағы жолдар мен кіреберістердің жай-күйінің өзгергені туралы объектілердің иелері жергілікті өртке қарсы қызмет органдарына жұмысты жүргізу мерзімдері, өзгеріс сипаты туралы алдын ала ақпаратты қамтитын хатпен хабарлауы қажет. Жұмыстың авариялық сипаты болғанда хабарлама үш тәулік ішінде жүргізіледі. Тиісті жерлерде жолдарды жабу кезінде айналып өту бағытын нұсқағыштар орнатылуы немесе жолдың жөнделетін учаскелері арқылы өтпелер немесе өту жолдары салынады.
6. Ұйымдар мен елді мекендердің аумақтарын, ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды, эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын ұстау тәртібі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес анықталады.
2-тарау. Ғимараттар мен құрылыстардың электр қондырғыларын ұстау тәртібі
7. Электр желілерін, электр қондырғылары мен электр-техникалық бұйымдарын монтаждау, іске қосу, пайдалану, сондай-ақ олардың техникалық жай-күйін бақылау осы Қағидалардың, электр қондырғыларын орнату қағидаларының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы нормаларының, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
8. Электр қозғалтқыштары, электр шамдары, басқару аппараттары, іске қосуды реттегіш, бақылау-өлшеу және қорғау аппаратурасы, қосалқы жабдықтар, электр сымдары мен кабель желілері Электр қондырғыларын орнату қағидалары мен «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 1-қосымшасы бойынша аймақтардың класына сәйкес қорғау дәрежесімен қолданылады.
Полная версия