Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2022
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысы
Осы Қаулы 2022 жылғы 4 cәуірден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.03.2022 жылғы № 131 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса бepiліп отырған Өрт қayiпciздiгi қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 15, 253-құжат); 
2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 50-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат). 
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2014 жылғы 9 қазандағы
 № 1077 қаулысымен
 бекiтiлген
1. Жалпы ережелер Ұйымдық-техникалық iс-шаралар
Жалпы ережелер
1. Осы Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының11-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және адамдарды, мүлікті, қоғам мен мемлекетті өрттен қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 919 Қаулысына сәйкес (09.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-1. Объектілерді пайдалану кезінде осы Қағидалардың және белгіленген тәртіппен бекітілген, объектілерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары қамтылған басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі.
Қағидалар 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.12.2019 жылғы № 921 Қаулысына сәйкес (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2. Объектіде өрт қауіпсіздігін меншік нысандарына қарамастан, объектілердің иелері, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ дара кәсіпкерлер (бұдан әрі – ұйым басшысы) қамтамасыз етеді. Ұйымдардың басшылары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленген тәртіппен жұмыстардың жекелеген учаскелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауаптыларды тағайындайды.
Қағидалар 1-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.12.2019 жылғы № 921 Қаулысына сәйкес (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3. Ұйым басшысы осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес әрбір объектіге қатысты (жеке тұрғын үйлерді қоспағанда) олардың өрт қауіптілігіне сәйкес келетін өртке қарсы режимді белгілейтін өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекітеді.
Қағидалар 1-3-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.12.2019 жылғы № 921 Қаулысына сәйкес (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-4. Түтін жою жүйелерімен, өртті анықтау мен сөндірудің, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру мен оларды эвакуациялауды басқарудың автоматты қондырғыларымен жабдықталған ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану (оның ішінде тұрғын үй-пайдалану) үшін жауапты ұйымдардың басшылары көрсетілген жүйелерді жарамды күйде ұстайды.
Қағидалар 1-4-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.12.2019 жылғы № 921 Қаулысына сәйкес (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-5. Ұйым басшысы өрт сөндіру және өрт сигнализациясы қондырғыларының, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару, түтіннен қорғау және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің, өртке қарсы есіктердің, клапандар мен люктердің, өртке қарсы қалқалардағы, үй-жайлардағы, ғимараттар мен құрылыстардағы ойықтарды өзге де толтырғыштардың, адамдарды қорғау және құтқару құралдарының жобалау құжаттамасына сәйкес келуін және олардың үнемі жарамды жұмыс күйінде болуын қамтамасыз етеді.
Қағидалар 1-5-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.12.2019 жылғы № 921 Қаулысына сәйкес (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қондырғыны (жекелеген желілерді, хабарлағыштарды), өртке қарсы қорғау жүйесін немесе құралдарын өшіруге байланысты техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезеңінде ғимараттар мен құрылыстарды өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шараларды іске асырмай пайдалануға жол берілмейді.
1-6. Объектілерде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 782 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9931 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.
Қағидалар 1-6-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.12.2019 жылғы № 921 Қаулысына сәйкес (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi