1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Внимание! Документ утратил силу с 24.04.2008
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1115 және 2004 жылғы 28 қазандағы N 1119 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі N 333 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 24.04.2008 № 387 Қаулысымен (27.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 10-тармақтан қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1115 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 526-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi туралы ережеде:
1-тармақта:
"өз" деген сөз "орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
"iске асыру" деген сөздер "арнайы атқару" деген сөздермен ауыстырылсын;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) арнайы атқару:
егер борышкердiң жекелеген кредит берушiмен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмiлесi банкроттық туралы iс қозғалғаннан немесе соттан тыс тарату рәсiмiн өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн бiр кредит берушiнiң басқа кредит берушi алдындағы талаптарын артықшылықты қанағаттандыруға әкеп соқса, борышкер оны банкрот деп танығанға дейiн не кредит берушiлердi таратудың соттан тыс рәсiмiн өткiзу туралы шешiм қабылданғанға дейiн жасаған мәмiленi жарамсыз деп тану туралы өтiнiш енгiзедi;
кредит берушiлер комитетi оңалту және конкурстық басқарушылармен жасалатын оңалту және конкурстық басқарушыларды тағайындау тәртiбi мен шарттары, олардың кандидатураларына қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен мiндеттерi, оның iшiнде сыйақыға құқығы, дәрменсiз борышкердiң iстерi мен мүлкiн басқару "көлігiндегi өкiлеттiктер көлемi туралы келiсiмдi келiседi;
лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес банкроттық рәсiмдерiнде төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия бередi;
борышкерге оңалту рәсiмдерiн қолдануға келiсiм бередi;
оңалту, конкурстық басқарушыларды және сырттан байқаушы әкiмшiнi тағайындайды;
кредит берушiлер комитетiнiң құрамын қалыптастырады және бекiтедi және дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмi мен оңалту рәсiмiнде оның алғашқы отырысын шақырады;
кредит берушiлер комитетi оңалту немесе конкурстық басқарушымен, сондай-ақ сырттан байқаушы әкiмшiмен жасайтын келiсiмдер жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн қарайды;
оңалту және конкурстық басқарушылар (таратушы) ұсынған конкурстық iс жүргiзудiң, оңалту рәсiмiнiң және таратудың соттан тыс рәсiмiнiң әкiмшiлiк шығыстары сметасының жобасын келiседi;
оңалту басқарушысының оңалту рәсiмiнiң жүргiзiлу барысы туралы ағымдағы есептерiн қарайды (жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты талап етедi);
сырттан байқаушы әкiмшiнiң сыртқы байқау рәсiмiнiң жүргiзiлу барысы туралы ағымдағы есептерiн қарайды;
оңалту басқарушысының қорытынды есебiн келiседi және оңалту рәсiмiн жүргiзу нәтижелерi бойынша қорытынды бередi;
оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi;
конкурстық iс жүргiзу, оңалту рәсiмi кезiнде, сондай-ақ сырттан байқау рәсiмi кезiнде кредит берушiлер комитетiнiң құрамын бекiтедi;
кредит берушiлер талаптарының тiзiлiмiн бекiтедi;
кредит берушiлер мен оңалту (конкурстық) басқарушылары арасындағы кредит берушiлер талаптарының тiзiлiмiне енгiзу туралы келiспеушiлiктердi қарайды;
конкурстық iс жүргiзу мерзiмiн ұзартады;
конкурстық массаны сату жоспарының жобасын қарайды;
оңалту, конкурстық басқарушылардың және сырттан байқаушы әкiмшiнiң iс-әрекеттерiне шағымдарды қарайды;
өз құзыретi шегiнде мониторингiнi жүзеге асырады;
кредит берушiлер комитетi сырттан байқаушы әкiмшiмен борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесiнде борышкер төлемге қабiлетсiз болған сырттан байқау рәсiмiн енгiзгенге дейiн жасалған оның мәмiлелерi мен iс-әрекеттерiн анықтау және талдау, мүлiктi түгендеу актiлерi бойынша салыстыру жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар туралы және "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген өзге iс-шаралар туралы жасаған келiсiмдердi келiседi;
борышкердi оңалту жоспарын мақұлдайды;
оңалту жоспарындағы өзгерiстердi келiседi;
оңалту басқарушысының оңалту рәсiмiнiң аяқталғаны туралы мәлiмдемесiне қорытынды бередi;
сауықтыруға қатысушының оңалту басқарушысымен дәрменсiз борышкерге кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өзiне алмаған сауықтыруға қатысушының жауапкершiлiгi туралы келiсiмiн бекiтедi;
борышкер мүлкiн сату жоспарын келiседi;
тарату теңгерiмiн және конкурстық iс жүргiзу және оңайлатылған банкроттық рәсiмдер кезiнде кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiктi пайдалану туралы есептi қоса бере отырып, кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн сотқа берiлетiн конкурстық басқарушының өз қызметi туралы есебiн келiседi;
жоқ борышкердiң мүлкi болмаған не егер оның құны конкурстық iс жүргiзудi өткiзуге байланысты әкiмшiлiк шығыстарды жабу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда конкурстық iс жүргiзудi қозғамастан, жоқ борышкердi банкрот деп тануды келiседi;
егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оны бiлдiруге өкiлеттiк берiлген тұлғалар болмаған кезде конкурстық iс жүргiзудi қозғамай жүргiзiлген жағдайда "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес кредит берушiлер талаптарының тiзiлiмiн және қорытынды есептi жасауды ұйымдастырады;
жоқ борышкердiң мүлкiн сатуды ұйымдастырады;
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында көзделген өкiлеттiктер шеңберiнде жүзеге асырылатын дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;
2) бақылау-қадағалау:
банкроттық рәсiмдерiнде және дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнде оңалту және конкурстық басқарушылардың қызметiн, сондай-ақ сырттан байқау рәсiмi кезiнде сырттан байқаушы әкiмшiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жағдайларда оңалту, конкурстық басқарушыларды және сырттан байқаушы әкiмшiнi шеттету туралы шешiм қабылдайды;
конкурстық сауда-саттықта борышкердiң конкурстық массасын сату кезiнде жариялылықтың, бәсекелестiктiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
жалған және қасақана банкроттық белгiлерiн анықтайды;
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетiлген жағдайлар кезiнде жасалған мәмiлелердi анықтау жөнiнде шаралар қабылдайды;
банкроттық рәсiмдерiнде дәрменсiз борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқаруға лицензиясы бар тұлғаларды тiркеп, есепке алуды жүзеге асырады;
төлемге қабiлетсiз және дәрменсiз ұйымдардың мониторингiн жүзеге асырады;
камералдық бақылауды жүзеге асырады;
банкроттық рәсiм, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiм тараптарының Қазақстан Республикасының банкроттық саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
оңалту және конкурстық басқарушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген банкроттық рәсiмдерiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн сақтауын тексерудi жүзеге асырады;
тексеру актiсiнде көрсетiлген нәтижелер негiзiнде Қазақстан Республикасының банкроттық саласындағы қолданыстағы заңнамасын бұзуды жою мерзiмiн көрсете отырып, банкроттық саласындағы құқықтық кесiмдердi бұзу анықталған кезде оңалту және конкурстық басқарушыларға ұсынымдар шығарады.
11. Комитет:
1) бұйрықтар шығаруға;
2) оңалту рәсiмiне борышкердiң өзi бастамашылық жасаған жағдайда, борышкердiң мүлкi иесiнiң немесе ол өкiлеттiк берген органның қолдаухаты бойынша кредит берушiлер комитетiнiң келiсiмiмен оңалту рәсiмiн жүргiзудi борышкердiң басшысына жүктеуге;
3) конкурстық және оңалту басқарушыларына мәмiлелердi жарамсыз деп тану туралы және борышкер берген, оның iшiнде жалға немесе банкроттық туралы iс қозғалғанға немесе таратудың соттан тыс рәсiмiне бастамашылық жасалғанға дейiн үш жыл iшiндегi кезеңде бұрын жасалған мәмiлелер бойынша орындауды қамтамасыз етуге берген мүлiктi осы мүлiктi өтеусiз, нарықтық бағадан едәуiр төмен баға бойынша немесе кредит берушiлердiң мүдделерiне зиян келтiре отырып, жеткiлiксiз негiзде алған тұлғалардан қайтаруды мiндеттi талап ету туралы мәлiмдеме жолдауға;
4) конкурстық және оңалту басқарушыларына мәмiлелердi жарамсыз деп тану туралы және банкроттық туралы iс қозғалғанға немесе таратудың соттан тыс рәсiмiне бастамашылық жасалғанға дейiн үш жылға дейiнгi кезеңде борышкер берген мүлiктi алдындағы мiндеттемелер басқа кредит берушiлердiң мүдделерiне зиян келтiре отырып, оларды орындау мерзiмi басталғанға дейiн орындалып кеткен кредит берушiлерден қайтаруды мiндеттi талап ету туралы мәлiмдеме жолдауға;
5) сауықтыруға қатысушыдан растаушы құжаттарды талап етуге;
6) конкурстық, оңалту басқарушыларының не сырттан байқаушы әкiмшiнiң қолдаухаты бойынша конкурстық iс жүргiзудiң, оңалту рәсiмi мен сырттан байқау рәсiмiнiң пайдасына, сондай-ақ кредит берушiлердiң мүддесiн қорғау мақсатында сотқа жүгiнуге;
7) оңалту және конкурстық басқарушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген банкроттық рәсiмдерiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн сақтауына тексеру жүргiзуге ұйғарым беруге;
8) тексеруге басқа мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн тартуға;
9) сотқа сырттан байқауды енгiзу туралы өтiнiш енгiзуге;
10) оңалту басқарушысынан борышкер мүлкiне билiк ету жөнiнде жасалған мәмiлелер туралы ақпарат берудi, ал ол болмаған жағдайда мұндай мәмiлелер туралы ай сайын есеп берудi талап етуге;
11) конкурстық iс жүргiзу жөнiнде қажеттi ақпаратты сұрауға құқылы.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетiнiң құрылымында:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Оңалту, мониторинг және сырттан байқау басқармасы";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"жабық" деген сөз алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1119 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 531-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
1-тармақтың үшiншi және төртiншi абзацтары "соттан тыс рәсiмi," деген сөздерден кейiн "сырттан байқау," деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың 2) тармақшасында:
жиырма жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"банкроттық саласын басқаруды;";
мынадай мазмұндағы жиырма сегiзiншi, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бiрiншi, отыз екiншi, отыз үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
"дәрменсiз борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн қолдануды келiсу тәртiбiн айқындауды;
бiлiм беру ұйымдары арқылы сырттан байқау әкiмшiлерiн, оңалту және конкурстық басқарушыларды дайындау ережесiн бекiтудi;
сырттан байқау әкiмшiсiн тағайындау тәртiбiн бекiтудi;
оңалту басқарушысының есеп нысанын және оны келiсу тәртiбiн бекiтудi;
конкурстық басқарушыны тағайындау, есепке алу және тiркеу тәртiбiн белгiлеудi;
конкурстық басқарушының есеп нысанын және оны келiсу тәртiбiн бекiтудi;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия