Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң "Экономикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы N 61 Қаулысы
Редакция 24.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң "Экономикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні мынадай салаларда зерттеулерді жүзеге асыру болып белгіленсін:
1) экономика;
2) (құпия);
3) мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.05.2011 № 544 Қаулысымен, өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.04.2012 № 535 Қаулысымен. (26.01.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) қоғам жарғысын бекiтудi;
2) қоғамның Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
3) қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне берудi;
4) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
4. Қоса берiлiп отырған Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 26 қаңтардағы N 61 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (27.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-110-жолмен толықтырылсын:
"123-110. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ".
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымшада "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 268-4-жолмен толықтырылсын:
"268-4. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ".
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1011 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия