Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2014
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 1180 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысына сәйкес
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Экспорттық бақылау және лицензиялау комитеті құрылсын.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 07.05.2008 № 429 Қаулысымен. (05.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті деп қайта аталсын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (07.05.2008 ж. редакцияны қараңыз)
2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6-тармақта:
1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшалар алынып тасталсын;
10) тармақшада:
"Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту" деген сөздер "Инвестиция және өнеркәсіп" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Сауда қызметін реттеу" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Акционерлік қоғамдар" деген бөлімде:
реттік нөмірі 12-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 13-жол ", Астана қаласы" деген сөздермен толықтырылсын;
Полная версия