Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.09.2014
"Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 154 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1011 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 683-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2013 жылғы 10 ақпандағы
 № 154 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2004 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 1460 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi мемлекеттік статистикалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Сол жағалау, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi» мемлекеттiк мекемесi.
Полная версия
ИС BestProfi