Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.09.2014
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қазандағы N 928 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1011 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1460  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 683-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы лауазымына тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 20 және 21-тармақтарында көрсетілген жауапты хатшының өкілеттігін қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 11 қазандағы
 N 928 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 31 желтоқсандағы
 N 1460 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік статистика аясында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 
Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар. 
Агенттіктің тізбесін Үкімет бекітетін ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында ашылатын шоттары, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі болады.
4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Агенттік, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының не оны алмастырушы адамның бұйрығымен ресімделген шешімдер қабылдайды.
7. Агенттіктің, оның аумақтық органдарын қоса алғанда, штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Полная версия
ИС BestProfi