Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.10.2001 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 сәуір N 499
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкімет қаулы етеді:
1) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 
келісім министрлігі туралы ереже;
     2)

     3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім 
министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      1-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 
              1999.08.0
2. N 1093 қаулысымен.  

 
  
     2. Қазақстан Республикасының  Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 
келісім министрлігіне екі вице-министр, соның ішінде бір бірінші болуға 
рұқсат етілсін.

      2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093          
              қаулысымен.  

 
  
      2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.18. N 656          
              қаулысымен.  

 
  
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі үшін 5 қызметтік жеңіл автомобиль лимиті белгіленсін. 
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен "Казахстанская правда" республикалық газеті" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне берілуін қамтамасыз етсін. 
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылған деп танылсын: 
1)"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің (АҚКМ) Ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 қазандағы N 1474  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 47, 441-құжат); 
2) "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттік газеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнын акционерлік қоғамға айналдыру және акцияларының мемлекеттік пакетінің бір бөлігін жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы N 1050  қаулысының 5-тармағы; 
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне 
өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 
қарашадағы N 1403 қаулысының күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсандағы N 1348  

 
 
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне 
енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 
1998 ж., N 49, 457-құжат).
     
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
     
                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің
                                         1999 жылғы 29 сәуірдегі
                                            N 499 қаулысымен
                                               бекітілген
     
                        Қазақстан Республикасының
                Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
                         министрлігі туралы
      
                               Ереже
     
                          1. Жалпы ережелер
     
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім аясында басшылықты жүзеге асыратын, мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің орталық атқарушы органы болып табылады. 
Министрлiктiң мынадай ведомстволары болады: Мәдениет комитетi, Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитетi.  
1-тармақ толықтырылды ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның заңдарға сәйкес өз балансында мүлкі, банкте шоттары, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады. 
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 
Егер Министрлікке заңдарға сәйкес уәкілеттік берілген болса, онда ол 
мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
     
Полная версия
ИС BestProfi