Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.03.2011
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 163 Қаулысы       
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 18.03.2011 № 267 Қаулысымен. (02.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 125, 75-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Орталық атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдар Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 2 наурыздағы
 № 163 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 18 ақпандағы
 № 185 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары
 
Р/с
Заң жобасының атауы Әзірлеуші мемлекеттік орган Ұсыну мерзімі
Әділет министрлігі Үкімет Парламент
1 2 3 4 5 6
1. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Әділетмині 2010 жылғы 1-тоқсан 2010 жылғы 1-тоқсан 2010 жылғы 1-тоқсан
2. Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау қызметі туралы Әділетмині 2010 жылғы 1-тоқсан 2010 жылғы 1-тоқсан 2010 жылғы 2-тоқсан
3. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бақылау және қадағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Әділетмині 2010 жылғы 1-тоқсан 2010 жылғы 1-тоқсан 2010 жылғы 2-тоқсан
4. 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы ЭБЖМ 2010 жылғы 3-тоқсан 2010 жылғы 3-тоқсан 2010 жылғы 3-тоқсан
5. 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы ЭБЖМ 2010 жылғы 3-тоқсан 2010 жылғы 3-тоқсан 2010 жылғы 3-тоқсан
6. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БП (келісім бойынша) 2010 жылғы 3-тоқсан 2010 жылғы 3-тоқсан 2010 жылғы 4-тоқсан
7. Құқық қорғау қызметі туралы Әділетмині 2010 жылғы 3-тоқсан 2010 жылғы 3-тоқсан 2010 жылғы 4-тоқсан
8. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Әділетмині 2010 жылғы 3-тоқсан 2010 жылғы 3-тоқсан 2010 жылғы 4-тоқсан
9. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҚА 2010 жылғы 3-тоқсан 2010 жылғы 4-тоқсан 2010 жылғы 4-тоқсан
10. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ІІМ 2010 жылғы 3-тоқсан 2010 жылғы 4-тоқсан 2010 жылғы 4-тоқсан
11. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы Әділетмині 2011 жылғы 1-тоқсан 2011 жылғы 1-тоқсан 2011 жылғы 1-тоқсан
12. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Әділетмині 2011 жылғы 1-тоқсан 2011 жылғы 1-тоқсан 2011 жылғы 1-тоқсан
13. Бітімгершілік қызметі туралы Қорғанысмині 2011 жылғы 1-тоқсан 2011 жылғы 1-тоқсан 2011 жылғы 1-тоқсан
14. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы (жаңа редакция) Қорғанысмині 2011 жылғы 1-тоқсан 2011 жылғы 1-тоқсан 2011 жылғы 1-тоқсан
15. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қорғанысмині 2011 жылғы 1-тоқсан 2011 жылғы 1-тоқсан 2011 жылғы 1-тоқсан
16. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа кәсіби құқықтық көмек көрсету жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Әділетмині 2011 жылғы 1-тоқсан 2011 жылғы 2-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан
17. Жастар саясаты туралы БҒМ 2011 жылғы 2-тоқсан 2011 жылғы 2-тоқсан 2011 жылғы 2-тоқсан
18. Дербес деректер туралы ІІМ 2011 жылғы 3-тоқсан 2011 жылғы 3-тоқсан 2011 жылғы 3-тоқсан
19. Азаматтық қорғау туралы ТЖМ 2011 жылғы 3-тоқсан 2011 жылғы 3-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан
20. Шаруашылық серіктестіктер туралы Әділетмині 2011 жылғы 3-тоқсан 2011 жылғы 3-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан
21. Кооперация және кооперативтер туралы Әділетмині 2011 жылғы 3-тоқсан 2011 жылғы 3-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан
22. Қазақстан Республикасындағы алдын ала тергеу органдары және тергеушілердің мәртебесі туралы ІІМ 2011 жылғы 3-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан
23. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Еңбекмині 2011 жылғы 4-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан
24. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сынақтан өткізу қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Әділетмині 2010 жылғы 4-тоқсан 2010 жылғы 4-тоқсан 2010 жылғы 4-тоқсан
25. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Әділетмині 2011 жылғы 4-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан
26. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Әділетмині 2011 жылғы 4-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан
27. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Әділетмині 2011 жылғы 4-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан
28. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Әділетмині 2011 жылғы 4-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан
29. Ақпарат және ақпаратты қорғау туралы АБА 2011 жылғы 4-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан
30. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратты дамыту және ақпаратты қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы АБА 2011 жылғы 4-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан 2011 жылғы 4-тоқсан
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині         - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ІІМ                - Қазақстан Республикасы Ішкі істер                             министрлігі
Еңбекмині          - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты                             әлеуметтік қорғау министрлігі
ТЖМ                - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар                             министрлігі
Қорғанысмині       - Қазақстан Республикасы Қорғаныс                             министрлігі
БҒМ                - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым                             министрлігі
ЭБЖМ               - Қазақстан Республикасы Экономика және                             бюджеттік жоспарлау министрлігі
БҚА                - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті                             қорғау агенттігі
АБА                - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және                             байланыс агенттігі
БП                 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Полная версия
ИС BestProfi