Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 Қаулысы
Осы редакция 09.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
«Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және қауіпсіздігінің қажеттері үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, қаржыландыру және орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 тамыздағы № 881 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 тамыздағы № 881 және 2002 жылғы 12 қыркүйектегі № 996 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1235 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 505-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 2219 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын
 қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесі
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау рәсімдерін реттейді.
Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру
2. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде жүргізіледі.
3. Қорғаныстық тапсырыс жобасы екі кезеңде қалыптастырылады. Бірінші кезеңде қорғаныстық тапсырыс өнімдеріне тапсырыс берушілер (бұдан әрі - тапсырыс берушілер) ағымдағы жылдың 20 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға 1-қосымшаға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес нысан бойынша келесі жылға алдын ала өтінімдер ұсынады.
Өтінімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе өтінімдерге қол қоюға уәкілетті тұлға бекітеді.
Уәкілетті орган бір ай мерзімде тапсырыс берушілердің алдын ала өтінімдерін қарайды, қорғаныстық тапсырыстың ұйғарылып отырған орындаушыларын келіседі не тапсырыс берушілердің мекенжайына өтінім бойынша ұсыныстар мен лер жібереді.
Тапсырыс берушілер он күнтізбелік күн ішінде алынған лерді ескере отырып, уәкілетті органға алдын ала өтінімдерін қайта ұсынады.
Полная версия
ИС BestProfi