Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.10.2019
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 28 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 14.10.2019 жылғы № 759 Қаулысына сәйкес
Редакция 08.11.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және қауіпсіздігінің қажеттері үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, қаржыландыру және орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 тамыздағы № 881 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 тамыздағы № 881 және 2002 жылғы 12 қыркүйектегі № 996 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1235 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 505-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 2219 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.11.2012 № 1423 Қаулысымен (29.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.2013 жылғы № 777 Қаулысымен (09.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.11.2017 жылғы № 724 Қаулысына сәйкес (02.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс) қалыптастыру, орналастыру және орындау тәртібін регламенттейді.
2. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру
2. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген, осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде жүргізіледі.
3. Қорғаныстық тапсырыстың жобасы екі кезеңде қалыптастырылады.
4. Бірінші кезеңде қорғаныстық тапсырысты басты орындаушыларды айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) қоспағанда, қорғаныстық тапсырысқа мемлекеттік тапсырыс беруші (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс беруші) ағымдағы жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) жоспарлы кезеңге арналған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс өнімі) сатып алу ниеті туралы сұрау салу жолдайды.
5. Мемлекеттік тапсырыс берушінің сұрау салуы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы және тактикалық-техникалық сипаттамалары (техникалық ерекшелігі), стандарттары (олар болған кезде);
Полная версия
ИС BestProfi