Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.10.2019
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1423 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 28 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 14.10.2019 жылғы № 759 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 21-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесінде:
«2. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде жүргізіледі.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірінші кезеңде қорғаныстық тапсырыс өнімдеріне тапсырыс берушілер (бұдан әрі – тапсырыс берушілер) ағымдағы жылдың 20 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға 1-қосымшаға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес нысан бойынша үш жылдық кезеңге алдын ала өтінімдер ұсынады.»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тапсырыс берушілер осы лер келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде алынған лерді ескере отырып, уәкілетті органға алдын ала өтінімдерін қайта ұсынады.»;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тапсырыс берушілер (әрқайсысы жеке) Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет комиссиясының отырыстарында өздерінің бюджеттік өтінімдері құрамындағы қорғаныстық тапсырыстың тізбесін (номенклатурасын) қорғайды.»;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтінімдер үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасының бюджеті шығыстарының экономикалық сыныптамасының бағдарламалары, кіші бағдарламалары және ерекшеліктері бөлінісінде ұсынылады.»;
«Қорғаныстық тапсырысты орналастыру және орындау» деген бөлімнің атауы алынып тасталсын;
«Қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдау уәкілетті органмен келісім бойынша отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушілер және/немесе уәкілетті ұйым ішінен басым тәртіппен, өндірістің қажетті шарттарын, оның ішінде мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды, тауарларды (өнімдерді) өндіру және/немесе жеткізу қабілеттілігін, әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) жұмысты жүргізуді және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне сүйене отырып, талап етілген техникалық сыныптауына және ұсынылған бағасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс берушілер жүргізеді.»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл үшін тапсырыс беруші үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей отандық тауар өндірушілердің, әскери және қосарланған мақсаттағы жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушілердің, уәкілетті ұйымның атына қорғаныстық тапсырыс өнімін сатып алу ниеті туралы сұрау салу жібереді. Мұндай сұрау салу мынадай мәліметтерді:»;
2), 3), 4), 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тауарлар (өнімдер) санын, орындалатын жұмыстардың, қызметтердің көлемдерін;
3) тауарларды (өнімдерді) жеткізудің, жұмыстарды, қызметтерді орындаудың орнын және талап етілетін мерзімдерін;
4) жеткізілетін тауарларға (өнімдерге), орындалатын жұмыстарға, қызметтерге арналған кепілдеменің мерзімін;
5) құны тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың, қызметтердің құнына қосылуы тиіс ілеспелі қызметтердің тізбесін;»;
бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қорғаныстық тапсырыс мәні болып табылатын тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен қызметтерді өндіру үшін қажетті қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға лицензияның, өндірістік қуаттардың және технологиялық жабдықтың (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласында мамандандырылған, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақта орналасқан орындаушылардан басқа, жеке меншік құқығында), еңбек ресурстарының болуы.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде инвестициялық жобаларды орындайтын, өндірістік қуатты жаңғыртуды және жарақтандыруды, жаңа өндірістерді, цехтарды салуды, мамандарды оқытуды жүзеге асыратын, технологиялар трансферті жөніндегі офсеттік саясатты қолданатын және шетелдік өндірушілермен өндірістің жаңа бағыттарын, перспективалы тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) қызметтерді игеруді болжайтын кооперацияларды құратын отандық тауар өндірушілер, халықаралық шарттарда көзделген қорғаныстық тапсырыс өнімін сатып алу бойынша жұмыстарды, әскери және қосарланған мақсаттағы қызметтерді отандық жеткізушілер қорғаныстық тапсырысты басым түрде орындаушы болып табылады.»;
екінші, үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Тапсырыс беруші үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей уәкілетті ұйымның атына осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылған сұрау салуды жібереді.
Уәкілетті ұйым үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет бекітілгеннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей тапсырыс берушіге сұрау салуға сәйкес және баға ұсыныстарын көрсете отырып, жазбаша және/немесе электронды түрде жауап береді.»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті ұйым қорғаныстық тапсырысты орындауға шарт жасасқанға дейін ұсынылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың, қызметтердің бағасына негіздеме жасайды.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тапсырыс берушінің орындаушыларда қызметтің тиісті түрін, қорғаныстық тапсырыстың мәні болып табылатын тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен қызметтерді өндіру үшін қажетті өндірістік қуат пен технологиялық жабдықты, еңбек ресурстарын жүзеге асыруға лицензиялардың болуын тексеруі, сондай-ақ тауарларға (өнімдерге), жұмыстар мен қызметтерге баға белгілеу мәселелері жөніндегі құжаттарды қарауы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына келісуге жолдағанға дейін аяқталуға тиіс.»;
7-тармақтан кейін мынадай мазмұндағы бөлімнің атауымен толықтырылсын:
«Қорғаныстық тапсырысты орналастыру және орындау»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шарттар жасасу жөніндегі рәсімдер қорғаныстық тапсырыс бекітілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныстық тапсырысты орындаушылар қорғаныстық тапсырыс құрамына кіретін әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен қызметтерді жеткізуді шартта белгіленген мерзімдерде және бағалар бойынша жүзеге асырады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныстық тапсырысты орындау шарты бойынша жеткізілетін тауарлардың (өнімдердің), әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) жұмыстардың, қызметтердің сапасы нормативтік және техникалық құжаттардың талаптарына және шарттың талаптарына сәйкес болуы тиіс.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қорғаныстық тапсырысты орындау сапасын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өнімнің өндірістік циклінің барлық сатыларында әскери өкілдік жүзеге асырады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган жыл сайын, 15 сәуірден кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне қорғаныстық тапсырыстың өткен жылы іске асырылуы туралы жылдық есеп ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік тапсырыс берушілер (қажет болған жағдайда) құрылымдық бөлімшелер арасында қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру мен орналастыру жөніндегі өзара іс-қимыл үдерісін регламенттейтін (нақтылайтын) ведомствоішілік құжаттарды әзірлейді.
Уәкілетті органға қорғаныстық тапсырыс өніміне өтінім берген мемлекеттік тапсырыс беруші (бюджеттік бағдарламаның орындаушысы) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Ереженің талаптарын орындамағаны (тиісінше орындамағаны) үшін жауапты болады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi