Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1339 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.07.2015 жылғы № 503 Қаулысына сәйкес (01.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2015 жылы № 134 (28603) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1103 Қаулысына сәйкес
«Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.03.2015 жылғы № 176 Бұйрығын қараңыз
Редакция 02.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері айқындалсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.07.2015 жылғы № 503 Қаулысына сәйкес (01.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2015 жылы № 134 (28603) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1339 қаулысымен
бекітілген
Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері
Мөлшерлер өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.08.2008 жылғы № 793 Қаулысымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.09.2008 жылдан бастап)
Мөлшерлер өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.07.2009 жылғы № 1028 Қаулысымен   (29.08.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 
Мөлшерлер өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.06.2012 жылғы № 731 Қаулысымен  (03.07.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.08.2012 жылы № 510-515 (27588) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Мөлшерлер жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.07.2015 жылғы № 503 Қаулысына сәйкес (01.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2015 жылы № 134 (28603) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Нақты қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының (бұдан әрі - жәрдемақы) мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 136-бабының 3-тармағына сәйкес есептелген оның орташа жалақысының есебінен айқындалады.
2. Егер еңбекке уақытша жарамсыздық алдыңғы жылы басталып, ағымдағы жылы аяқталатын болса, онда жәрдемақыны есептеу мен оның мөлшерін айлық шектеу тиісті жылдағы айлық есептік көрсеткіш қолданыла отырып, екі бөліп жүргізіледі.
3. Айлық жәрдемақының мөлшері, еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты қызметкерлерге, жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада жәрдемақы алатын дипломатиялық қызмет персоналына төленетін жәрдемақылардың мөлшерлерін қоспағанда, тиісті жылдағы айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген шамасынан аспауға тиіс.
4. Жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.
5. Қызметкердің еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты төленетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.
6. Дипломатиялық қызмет персоналына шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада төленетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 28 желтоқсандағы
 N 1339 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 маусымдағы N 731 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 27, 249-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 703 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 20, 214-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 маусымдағы N 731 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 1278 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 44, 437-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 маусымдағы N 731 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі N 707 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 28, 357-құжат).
5. "Шет елдердегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 23 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 3, 22-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi