Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.12.2007
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 маусымдағы N 731 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі N 707 Қаулысы       
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 28.12.2007. № 1339 Қаулысымен (07.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Yкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI:  
1. "Әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды жұмыс берушілердiң қаражаты есебiнен тағайындаудың және төлеудiң тәртібi туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 маусымдағы N 731  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 27, 249-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды жұмыс берушілердiң қаражаты есебiнен тағайындаудың және төлеудiң тәртiбi туралы Нұсқаулықта: 
кiрiспедегi "1999 жылдың 18 сәуiрiнен бастап" деген сөздер алынып тасталсын; 
22-тармақтағы "бiр жарым жасқа" деген сөздер "үш жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi