Близость слов: Окончание:





Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7552 тіркелді
Тақырыбы өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 212 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма күн) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 28.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптар бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 212 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма күн) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банк Төрағасы                            Г. Марченко
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 67 қаулысымен бекітілді
Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптар
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 110 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.13 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 212 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)(жарияланбаған)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 261 Қаулысымен (27.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.02.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 12 Қаулысымен (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысымен (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма күн) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2018 жылғы № 230 Қаулысымен (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" 
ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 35 Қаулысына сәйкес (27.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Сақтандыру қызметі туралы» (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (бұдан әрі − Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш беруші, көрсетілетін қызметті алушы) банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (бұдан әрі – қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу тәртібін және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидаларда Банктер туралы заңда, Сақтандыру қызметі туралы заңда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көрсетілген мәндерде қолданылатын ұғымдар қолданылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру тәртібі
3. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге еркін нысандағы өтініш талап етілетін құжаттар қоса беріліп, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде беріледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар және талаптар тізбесі, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі, сондай-ақ өзге де мәліметтер (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерін жүзеге асыруға келісім беру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Өтініш беруші өтінішті портал арқылы жіберген кезде «жеке кабинетте» нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.
4. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері білдірген жағдайда өтініштерді қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті алушының банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге құжаттарын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы оны көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдау арқылы дәлелді бас тарту дайындайды және жібереді.
Полная версия
ИС BestProfi