Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 30.12.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды таратудағы сот тәжірибесі туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 5 Нормативтік қаулысы
Өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды (бұдан әрі - жоқ заңды тұлғалар мен жоқ борышкерлерді) тарату туралы заңнаманы сот тәжірибесінде біркелкі түсіндіру және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Заңды тұлғаны тарату Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 49-бабында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылатынына соттардың назары аударылсын. 
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тоқтату ерекшеліктері АК-нің 21-бабында, "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында, "Банкроттық туралы" Заңның (бұдан әрі - Заң) 7, 9, 9-1-тарауларында қарастырылған. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008. № 23 Нормативтік қаулысымен. (18.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Жоқ заңды тұлғалар мен жоқ борышкерлер үшін заңнамамен таратудың арнайы негіздемелері мен жеңілдетілген тәртібі қарастырылған. 
Заңның 1-бабының 12) тармақшасына сәйкес, жоқ борышкер - тұрақты органының, сондай-ақ заңды тұлға оларсыз өз қызметін жүзеге асыра алмайтын құрылтайшыларының, қатысушыларының, менеджерлері мен лауазымды адамдарының тұрған жерін алты ай ішінде анықтау мүмкін емес борышкер. 
Заңды тұлға орналасқан жері бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған заңды тұлға АК-нің 49-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес таратылуы мүмкін. 
Жоқ заңды тұлғаны және жоқ борышкерді тарату тек сот тәртібімен жүзеге асырылады. 
Жоқ заңды тұлғаны және жоқ борышкерді тарату тәртібі оның несиелік берешегінің (несие берушілерінің) болуына не болмауына байланысты анықталады. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008. № 23 Нормативтік қаулысымен. (18.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Заңда белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы туралы (жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерімдер туралы) декларацияны немесе оңайлатылған декларацияны табыс етпеу несие берушілері және өзі жоқ заңды тұлғаны тарату үшін негіз болып табылады. Мұның өзі АК-нің 49-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес заңнаманы өрескел бұзу болып табылады. 
АК-нің 49-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған жоқ заңды тұлғаның кез келген белгілері жекелеп алғанда, сондай-ақ заңды тұлғаның несие берушілерінің болмауы заңды тұлғаны тарату үшін өз алдына бөлек негіздеме болып табылмайды. 
Тұрған орнында немесе нақтылы мекен-жайында жоқ, сондай-ақ құрылтайшылары (қатысушылары) мен лауазымды адамдары жоқ заңды тұлға, егер осы заңды тұлға өз қызметін уақытша тоқтатса, бірақ салықтық есебін уақытында, белгіленген мерзімде ұсынып отырса АК-нің 49-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес таратылуға тиіс емес. 
Лауазымды тұлғалары жоқ, бірақ заңды тұлғаның қызметі үшін жауапкершілік көтеретін және лауазымды тұлғаларды тағайындауға (сайлауға) құқылы құрылтайшылары (қатысушылары) бар заңды тұлға көрсетілген тәртіппен таратылуға тиіс емес. 
Жоқ заңды тұлғаның салықтық есебін ұсынбауын жұмыс істейтін заңды тұлғаның есепті ұсыну мерзімдерін бұзуынан ажырата білу керек. Тіркеу орны бойынша орналасқан (демек бар) және өз қызметін жүзеге асыратын, бірақ салықтық есебін белгіленген мерзімде ұсынбайтын заңды тұлғалар, құрылтайшылар (қатысушылар) не лауазымды тұлғалар осы заң бұзушылықтары үшін қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапкершілік көтереді. 
Салық төлеушіні салықтық есепті өз уақытында тапсырмағаны үшін заңмен белгіленген өзге жауапкершілікке тартпау жоқ заңды тұлғаны тарату туралы өтінішті қарауға қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
4. АК-нің 49-бабының 3-тармағына сәйкес, жоқ заңды тұлғаны тарату туралы талапты сотқа заң актілерімен мұндай талаптарды қою құқығы берілген мемлекеттік орган, ал банкрот болған жағдайларда - сондай-ақ несие берушілер қоюы мүмкін. Мұндай құқық, атап айтқанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 16-бабымен салық органдарына берілген. 
Несиелік берешегі бар жоқ заңды тұлға (жоқ борышкер) Заңның 94-95-баптарында белгіленген оңайлатылған рәсімдеу бойынша банкрот болуына (дәрменсіздікке) байланысты АК-нің 49-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сот тәртібімен таратылуға жатады. 
Жоқ борышкерді банкроттық негізде тарату туралы талапты мәлімдеу құқығы Заңның 94-бабымен несие берушілерге, салық органына немесе салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша өзге уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ прокурорға берілген.
5. Несие берушілері болмаған жоқ заңды тұлғаны тарату туралы немесе несиелік берешегі бар жоқ борышкерге қатысты банкроттық жөнінде іс қозғау туралы сотқа талап қою кезінде өтініш берушілер заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарда көрсетілген жерде немесе нақтылы мекен-жайында жоқтығына дәлелдемелерді, сондай-ақ оларсыз заңды тұлға өзінің қызметін жүзеге асыра алмайтын құрылтайшылардың, қатысушылардың және лауазымды адамдардың жоқтығына дәлелдемелерді ұсынуға міндетті. Осы орайда заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарында көрсетілген жерде немесе нақтылы мекен-жайда жоқтығының заңмен белгіленген мерзімінің өткені борышкерлер үшін - алты ай ішінде, жұмыс істемейтін заңды тұлғалар үшін - өтініш беруші сотқа жүгінгенге дейін бір жыл ішінде расталуға тиіс. 
Полная версия
ИС BestProfi