Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 "Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 668 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 қаңтардағы № 7401 тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес 
1. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқада мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері 2010 жылғы № 2 Бюллетенінде жарияланған) бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесінде:
7-2-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тиісті бюджеттің 5-34 нысаны бойынша есептің «Шыққан қалдық» бағаны бойынша «Жиыны» жолы сомасы «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» 2-19 нысаны бойынша есептің тиісті бюджеттің (тиісті бюджеттің жыл басынан бастап түсімдері) бағаны бойынша «Жиыны» жолының сомасы және 5-52 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны бойынша есептің «Жыл басынан бастап шығыстар» бағаны бойынша «Есеп бойынша барлығы» жолының сомасы айырмасына сәйкес келуі тиіс»;
«8. Бюджеттердің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алу мынадай есепке алу тіркелімдерінде жүргізіледі:
осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Бас-журнал» кітабы;
осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоты бойынша мемориалдық ордер;
осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемориалдық ордер;
осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қолма-қол ақшаны бақылау шоттардың толық жазылуы (ақылы қызметтерінің ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ, ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ, қаражатты тартуға арналған шоттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қордың (әрі қарай - Ұлттық қор), кеден одағының, соманы анықтауға дейінгі шоттарды есептеуге арналған);
осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БҚШ-тан салымдарға (депозиттерге) орналастырылған сомалардың толық жазылуы;
осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жергілікті бюджеттерден депозиттерге орналастырылған сомалардың толық жазылуы;
осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджеттердің түсімдері мен шығыстары бойынша сомалардың толық жазылуы;
осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес № 1 нысан бойынша Қазынашылық комитетінің балансы;
осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес № 1-М нысан бойынша Жергілікті бюджеттің атқарылу балансы;
осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес № 2 нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоттағы ақша қозғалысы туралы есеп;
осы Ереженің 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджеттік кредиттерді есепке алу кітабы;
осы Ереженің 12-қосымшасына сәйкес № 3 нысан бойынша Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттің кепілгерлері бойынша қарыздары туралы есеп;
Полная версия
ИС BestProfi