Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы N 104 Қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.07.2023 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес 
Редакция 29.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасы (тізімі) бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын өнімнің тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 тамыздағы N 1282  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 436-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 5 ақпандағы
 N 104 қаулысымен
 бекітілген
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасы (тізімі)
Екі ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар
1. Әскери қолдану үшін әзірленген немесе өзгертілген тауарлардың бақылауы үшін әскери мақсаттағы тауарлардың бақылау жөніндегі тиісті тізім(дер)ге қараңыз. Аталған тізімдегі "Сонымен қатар әскери мақсаттағы тауарларға бақылауды қараңыз" деген мәтінді сілтемелер де осы тізімге сілтеме жасайды. 
2. Аталған тізімге енгізілген бақылау объектісі тауардың негізгі бөлігі болып табылатын бір немесе бірнеше бақылауға алынған және жеңіл алып тастауға немесе басқа мақсатта қолдануға болатын компоненттері бар бақылауға алынбайтын тауарлар (өсімдіктерді қоса алғанда) сараптамасы кезінде бақылаудан босатылмауға тиіс. 
Айрықша ескертпе:  Бақылауға алынған компонентті немесе компоненттерді негізгі бөлікке жатқызу мақсатында оларды қарау кезінде бақылауға алынған нәрсе компонент немесе сатып алынған тауардың негізгі бөлігінің компоненті болып табыла ма деген сияқты фактыны белгілеуге қабілетті саны, құндылығы және пайдаланатын технологиялық ноу-хоу секілді факторларды, сондай-ақ басқа да негізгі факторларды салмақтау қажет. 
3. Аталған тізімде көрсетілген тауарлар жаңасын да, қолданыста болған кеңесін де қамтиды. 
4. ССҚ ТН кодтары тауарларды (қызмет көрсетулерді) қосарлы және әскери мақсаттағы өнімдерге сәйкестендіру және ара қатынасын белгілеу барысында ұсыныс және көмекші кодтар болып табылады. ССҚ ТН кодтары толық емес немесе барлық бақылаушы позицияларды қамтымауы мүмкін, және бақылаушы позициялардың техникалық параметрлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Қандай да бір өнімді қосарлы және әскери мақсаттағы өнімдерге сәйкестендіру және ара қатынасын белгілеу жөніндегі түбегейлі шешім аталған тізімнің бақылауға алынған өнімінің техникалық параметрлерімен айқындалады. 
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде) жоқ ССҚ ТН кодтарын пайдалануға жол беріледі.
4-тармақ абзацпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 14.05.2018 жылы № 266 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Қосарлы мақсаттағы өнімдер тізімінің құрылымы 10-санаттан тұрады, ол мына санаттар мен бөлімдерді қамтиды:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.05.2018 жылы № 266 Қаулысына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Тізімде қолданылған терминдердің анықтамасы:
Полная версия
ИС BestProfi