Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.02.2008
Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын өнімнің тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 18 тамыз N 1282
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 05.02.2008. № 104 Қаулысымен (18.08.2000 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Қару-жараққа, әскери техникаға және екіұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына сәйкес, экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын өнімнің тізімі бекітілсін. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап үш айдан кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
       бірінші орынбасары
                                         Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің 2000 жылғы
                                                    18 тамыздағы
                                            N 1282 қаулысымен бекітілген
         Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға 
       Тiзiмде пайдаланылатын терминдердiң анықтамалары 
Жақшаларда осы терминдер қолданылатын Тiзiмнiң санаттары келтірiледi. 
"Мақсатты автоматты сүйемелдеу" (6)- мақсаттың уақыттың нақты ауқымындағы мейлiнше ықтимал жағдайының экстраполироволды мәнiнiң шығу сигналы ретінде автоматты түрде айқындайтын және қамтамасыз ететiн өңдеу әдiсi. 
"Бейiмделгiш басқару" (2)- оның жұмыс iстеу уақытында өлшенген, параметрлерге (шарттарға) сәйкестікке ыңғай танытатын жауап (ISО 2806- 1980). 
"Ұшуды басқарудың белсендi жүйелерi" (7) - бiрнеше өлшеу бергiштерiнiң шығу сигналдарын дербес өңдеу арқылы "ұшу аппаратының" және ракетаның қолайсыз ауытқуларын немесе құрылымдық жүктемелерiн болдырмау үшiн және автоматты бақылауды жүзеге асыру мақсатында қажеттi  командаларын беру үшiн жұмыс істейтін жүйелер. 
"Белсендi пиксель" (68) - жарықтық (электромагниттік) сәулелену әрекеті кезiнде фотоэлектрлiк беру функциясына ие қатты денелi тордың ең аз (жалғыз) элементі. 
"Сигналдарды талдауыш" - көп жиiлiктi сигналдың бiр жиiлiктi модасының негізгі сипаттамаларын өлшеуге және бейнелеуге арналған аппаратура (3-Санат). 
"Берудiң асинхронды режимi" ("БАР") (5) - ақпарат ұяларға топтастырылатын беру режимі; бұл режим ұялардың қайталанушылығы деректердi берудiң талап етілетiн немесе сәттік жылдамдығына байланыстылығы тұрғысында асинхронды болып табылады. 
"Ауыспалы геометриялы аэродинамикалық бейiндер" (7) - жай-күйi ұшуда реттелiнетiн жабуларды не триммерлердi, не жабық алдындағыларды немесе тұмсық бөлiгiнiң бұрышын шарнирлі реттеудi қолдану. 
"Соғу" (2) - айналаның сыртқы немесе iшкi үстiңгі бетiнде өлшеу нүктесiнде шпинделдiң перпендикулярлы бiлiгінiң жазықтығында өлшенген негiзгi шпинделдiң бiр айналымдағы радиялды өзгеру (көзi - ISО230/1-1986, 5?61) 
"Жіп" - "жалғыз талшықты" байланыстырушы, әдетте паралельдiкке жақын (1-Санат). 
Полная версия
ИС BestProfi