Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.09.2015
"Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1178 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 9 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 630 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 6, 832-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3) тармақшадағы «келісімшарт бекітілсін.» деген сөздер «келісімшарт;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт бекітілсін.»;
«2. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптары қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелері ескеріле отырып айқындалады.
3. Құзыретті органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелерін ескере отырып, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған конкурстардың жеңімпаздарымен барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар жасассын.»;
осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 14 қазандағы
 № 1178 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 25 желтоқсандағы
 № 1412 қаулысымен
 бекітілген
Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт
Бұдан әрі тараптар деп аталатын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мен
 (Жеке т ұ л ғ аны ң Т.А. Ә немесе заңды т ұ л ғ аны ң атауы (б ұ дан ә рі – Жер қ ойнауын пайдаланушы) 
Полная версия
ИС BestProfi