Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.09.2015
Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 9 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 630 Қаулысына сәйкес
«Жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.03.2015 жылғы № 412 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдалануға арналған операциялардың түрлері бойынша:
3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған модельдік келісімшарт;
4) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1178 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптары қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелері ескеріле отырып айқындалады.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1178 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Құзыретті органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелерін ескере отырып, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған конкурстардың жеңімпаздарымен барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар жасассын.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1178 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған модельдік келісім-шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 шілдедегі № 1015 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 28, 356-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 702 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 20, 213-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 шілдедегі № 1015 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 тамыздағы № 889 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 288-құжат).
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 25 желтоқсандағы
 № 1412 қаулысымен
 бекітілген
БАРЛАУҒА АРНАЛҒАН МОДЕЛЬДІК КЕЛІСІМШАРТ
Бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының атынан құзыретті орган ретінде әрекет ететін

____________________________________________________________________
      (мемлекеттік органның атауы)
және
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(азаматтың аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы, бұдан әрі-жер қойнауын пайдаланушы)
арасындағы
____________________________________________________________________
      (әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жері көрсетілсін)
____________________________________________________________________
      (кен орны, учаске немесе блок)
____________________________________________________________________
      (пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін)
барлауға арналған келісімшарт.
      Қазақстан Республикасының ____________________________________
      (әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жері көрсетілсін)
____________________________________________________________________
      (жер қойнауы учаскесі)
____________________________________________________________________
      (пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін)
      барлауға арналған келісімшартқа Тараптар
___________________________________________________________________.
      (келісімшарт жасасуға негіз болатын конкурстық комиссия хаттамасына немесе
      ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер хаттамасына)

сәйкес 20 __ жылғы "___" ____________ қол қойды.
Полная версия
ИС BestProfi