1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 20 ақпандағы N 811 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 25 ақпан N 248
Редакция 17.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 20 ақпандағы N 811 Жарлығын (бұдан әрi - Жарлық) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" мен "Мұнай және газ тасымалдау" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамдары (бұдан әрi - Жабық акционерлiк қоғамдар) акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен өзге де мүлiктерiн беру жолымен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" (бұдан әрi - "ҚазМұнайГаз" ҰК) жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыруды;
2) "ҚазМұнайГаз" ҰК жарғысын бекiтудi және оны мемлекеттiк тiркеудi;
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 25.09.2002 № 1051 қаулысымен. (25.02.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
4) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн Жарлыққа және осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзудi, сондай-ақ оларды iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.09.2002 № 1051 қаулысымен. (25.02.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 20.05.2010 № 454 Қаулысымен. (25.09.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) өнiмдi бөлу туралы жоғарыда аталған және басқа да келiсiмдерге және осы қаулыны iске асыруға бағытталған оларға iлеспе өзге де құжаттарға тиiстi өзгерiстер енгiзудi қамтамасыз етсiн;
2) "ҚазМұнайГаз" ҰК-на өкiлеттi орган Функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi, өнiмдi бөлу туралы жоғарыда аталған келiсiмдерге қатысты материалдарды беретiн болсын;
3) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне:
"ҚазМұнайГаз" ҰК мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлермен келiсiм-шарттарда келiсiм-шарттарға үлестiк қатысу арқылы мемлекеттiк мүдделердi бiлдiруiнiң тәртiбi туралы;
мемлекеттiк органдар мен "ҚазМұнайГаз" ҰК арасында мұнай операцияларындағы өкiлеттiктердi дәл ажырату туралы қаулылардың жобаларын енгiзсiн.
4. "ҚазМұнайГаз" ҰК белгiленген тәртiппен:
1) Жабық акционерлiк қоғамдардың мiндеттерiн, басқару функциялары мен құрылымын оңтайландыру мақсатында оларды қайта ұйымдастыру процесiн қамтамасыз ету;
2) ұйымдардың активтерiн, акцияларын және қайта ұйымдастырылатын Жабық акционерлiк қоғамдардың меншiгiндегi және/немесе басқаруындағы жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерiн жұмылдыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы N 37 қаулысы;
2) "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 тамыздағы N 1044 қаулысы.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 25 ақпандағы N 248 қаулысына 1-қосымша
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi;
Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда бiрiншi вице-министрi;
Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Басшысының орынбасары;
Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;
Қиынов Ләззат Кетебайұлы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының президентi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 ақпандағы N 248 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 тамыздағы N 1098 қаулысына:
1-тармақтағы "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы, "Мұнай мен Газ тасымалы" ұлттық компаниясы" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 602 Қаулысына сәйкес (20.05.2010 ж. редакцияны қараңыз)
3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiне:
"Алматы қаласы" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 95-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 100-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"100. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
"Атырау облысы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 145-2-жол алынып тасталсын.
4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 16-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"17. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
реттiк нөмiрi 45-жол алынып тасталсын.
5. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%";
реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын.
Полная версия