Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
"Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1587 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 766-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында:
«4. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуге және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беруге алым Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін тәртіппен алынады.»;
«9. Кемені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізіліміне енгізу осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес Кеме куәлігін берумен куәландырылады, ол кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайды.
Кемені Жалға алынған шетел кемелері тізіліміне енгізу осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік берумен куәландырылады.»;
«1) осы Қағидаға сәйкес кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) лауазымды тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазу енгізеді. Ұсынылатын құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген кезде өтініш берушіден құжаттар қабылдаудан бас тартылады. Өтініш берушінің талабы бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша растама беріледі;»;
«3) көрсетілген қайшылықтар мен мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін басқа да негіздер болмаған кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізіліміне, Жалға алынған шетел кемелері тізіліміне жазулар енгізу;»;
13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
13. Шетел кемелеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімін алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар тапсырылады:»;
«18. Кемелерді және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде, жалға берілген шетел кемелері тізілімінде мемлекеттік тіркеу кезінде оларға тиісті тіркеу нөмірлерін бере отырып, осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген құжаттар беріледі.»;
Полная версия
ИС BestProfi