Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
«Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 23.01.2015 жылғы № 51 Бұйрығын қараңыз
Редакция 12.03.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 1058 қаулысымен
бекiтiлген
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасы
1. Осы Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су мен «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемені, сондай-ақ шағын көлемді кемені және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кеме – механикалық қондырғы қозғалысқа келтіретін шағын көлемді, сондай-ақ желкенді кеме;
2) өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кеме – өздігінен жүру үшін механикалық қозғалысы жоқ шағын көлемді кеме.
3. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені) үшін, сондай-ақ кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1380 Қаулысымен (13.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  09.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1380 Қаулысымен (13.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  09.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.12.2012 жылғы № 1587 Қаулысымен (14.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.02.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-1. Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені және шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
1-бөлім 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1380 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  09.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде жолаушы, жүк-жолаушылар, мұнай құйылатын, сүйреткіш кемелер, құрғақ жүк кемелері, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелері, сондай-ақ шағын көлемді кемелер болып табылмайтын кемелер тіркеледі.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1380 Қаулысымен (13.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  09.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп уақытша жүзуге құқық берілген, қазақстандық тұлға экипажсыз (бербоут-чартер) жалға алған шетел кемесі Жалға алынған шетел кемелері тізілімінде мемлекеттің кемелерді негізгі тіркеу тізілімінде оның тіркелуі тоқтатыла тұрғаннан кейін тіркеледі.
7. Шетел мемлекеті кемелері тізілімінде тіркелген кеме Мемлекеттік кеме тізілімінде меншік иесінің шетел мемлекеті кемелер тізілімінен шығарылғандығы туралы үзінді ұсынғаннан кейін ғана тіркеледі.
Полная версия
ИС BestProfi