«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 05.04.2015
Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 468 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 желтоқсанда № 8128 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 5 сәуірден бастап ҚР Қаржы министрінің 29.01.2015 жылғы № 56 Бұйрығына сәйкес
Редакция 27.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасы;
1-тармақша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 27.08.2013 жылғы № 406 Бұйрығымен (23.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдарында кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Арнаулы атақтар мен оларға сәйкес шекті арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымдар санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәндері;
3-тармақша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 27.08.2013 жылғы № 406 Бұйрығымен (23.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органының қызметкерін көтермелеу түрлерін қолдану және Қазақстан Республикасы кеден органының қызметкеріне кезектен тыс арнайы атақтарды беру қағидасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органының қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидасы мен шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (М.Т. Есенбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 468 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 27.08.2013 жылғы № 406 Бұйрығымен (23.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасы
1. Осы Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 46-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған (бұдан әрі – қарамағында тұру) қызметкерлердің қызмет өткеру тәртібін айқындайды.
2. Қызметкерді қарауға есепке алу үшін негіз Заңның 46-1-бабының 2-тармағы болып табылады.
3. Қызметкерді атқарып жүрген лауазымынан босату және қарамағына қабылдау қызметкерді лауазымға тағайындайтын және босататын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің немесе кеден органы басшысының бұйрығымен күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде ресімделеді.
Ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларды жүргізу мерзімі ұзартылғандықтан, бос лауазымның болмауынан, сондай-ақ өзге ерекше жағдайларда қызметкерді тағайындау туралы мәселені шешу мүмкін емес жағдайда бұл мерзім Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің немесе кеден органы басшысының бұйрығымен екі айға дейін ұзартылады.
Қарамағына қабылданған қызметкердің соңғы лауазымы бойынша ақшалай қаражаты сақталады.
4. Қарамағына қабылдау туралы бұйрық қызметкерге оны шығарған күннен кейін үш жұмыс күнінің ішінде қол қою арқылы жарияланады. Бір уақытта қарамағына қабылданған қызметкер бұйрықпен осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағына қабылданған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасымен танысқандығы туралы қолхатқа қол қояды.
Полная версия

