Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.01.2022
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 наурызда № 10367 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (05.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 28 қантардан бастап ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 жылғы № 3 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 26.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 08.02.2016 жылғы № 52 Бұйрығымен (29.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 27.09.2017 жылғы № 582 Бұйрығымен (08.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (05.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қаржы мониторингі органдарының жедел-іздестіру бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) біліктілік сыныптарын белгілеу қағидасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қаржы мониторингіоргандары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене даярлығын ұйымдастыру қағидасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қаржы мониторингі органдарының қарауында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру Ережесі;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 12.11.2019 жылғы № 1250 Бұйрығына әсйкес (19.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің дербес деректері бар жеке істерді жүргізу қағидасы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы, сондай-ақ оларды беру қағидасы.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
 № 56 бұйрығына
 11-қосымша
Күшін жойған нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 468 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2012 жылы 6 желтоқсанда № 8128 тіркелді, «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан» газеттерінде 2013 жылғы 26 қаңтарында жарияланған (27304-27305);
2. «Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2012 жылы 6 желтоқсанда № 8787 тіркелді, «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан» газеттерінде 2013 жылғы 28 қарашасында № 325 жарияланған (27599)).
Полная версия
ИС BestProfi