Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 және 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 348 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 368 Қаулысы       
Редакция 31.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай  өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.07.2014 жылғы № 860 Қаулысымен (29.04.2010 ж. редакцияны қараңыз)
2) «Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 348 қаулысында:
«1. Қырғыз Республикасына ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен саны 3700 (үш мың жеті жүз) тонна дизель отыны (жазғы) броньнан шығарылсын.»;
2) 2-тармақта «отынын» деген сөзден кейін «темір жол көлігімен
Рыбачье, Ош станцияларына дейін» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы, Көлік және коммуникация министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі         К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi